«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Маңғыстауда кәсіпкерлердің құқығы қорғалып 386 млн теңге сақталды

2022 жылғы 07 Қазан
- Маңғыстау облысы
10099 просмотров

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов облыстың кәсіпкерлерімен кездесті. Шараға Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев қатысты. Онда бизнесті әкімшілік кедергілерден қорғаған деректер айтылды. Палатаның көмегімен кәсіпкерлердің құқықтары жалпы сомасы 386 млн. 781 мың теңгеге қорғалғаны туралы мәлімет келтірілді.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мемлекеттік органдардың тарапынан кәсіпкерлерге келтірілген әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу бағытында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен тығыз қарым-қатынаста қызмет етіп келеді.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының жанынан Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесі жұмыс жасап келеді.

Кеңес құрамында облыстық прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Депаратменті және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгерлер, кәсіпкерлер және қоғам қайраткерлері бар.

Одан бөлек, 2022 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінен кейін, кәсіпкерлер палатасы өңірде Бизнесті қорғау экожүйесін қалыптастыру жөніндегі жобасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен ынтымақтастығын нығайтып, жүйелі жұмыс жүргізуде.

Өңірде инвестициялар тарту, кәсіпкерлікті қорғау және дамыту үшін қолайлы орта құру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен ұштасқан жергілікті атқарушы, құқық қорғау және бақылаушы мемлекеттік органдардың негізсіз әрекеттерінің жедел жолын кесу мәселелері бойынша бірлескен жиындар өткізілді.

Палата кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу бағытында қызметін одан әрі дамыта беретін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер