Салалық білім кеңесі
Төрайым
Бекназарова Қарлығаш Абатбайқызы
"Mediana Services Limited" АТ - компаниясының құрылтайшысы және бас директоры
1.
Проблемалық мәселенің түрі - Жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерлемесін 1000 теңгеге дейін көтеру, санитариялық кітапша бойынша қойылатын талаптарды қатаңдату, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жыл сайын оқу жылы басталғанға дейін 10-15 күн бұрын жоспарлы тексерулер онкүндігін айқындау, бір кәсіпкер қызмет көрсететін білім беру ұйымдарының санын 3-ке дейін шектеу
Бастамашы - Салалық кеңес мүшелері
Проблемалық мәселенің қысқаша сипаттамасы - 13.09.2024 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары З. Т. Есбергенованың, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. О. Ізбасаровтың, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Г. У. Куркинбаеваның және кәсіпкерлердің қатысуымен салалық кеңестің отырысы өтті:
1. Маңғыстау облысының медициналық ұйымдарында тамақтануды қамтамасыз ету;
2. Маңғыстау облысының медициналық ұйымдарында тамақтануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
Талқылау барысында жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшерлемесін 1000 теңгеге дейін көтеру, санитарлық кітапша бойынша қойылатын талаптарды қатаңдату, оқу жылы басталғанға дейін 10-15 күн бұрын жыл сайын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жоспарлы тексерулерінің онкүндігін анықтау, бір кәсіпкер қызмет көрсететін білім беру ұйымдарының санын 3-ке дейін шектеу сияқты ұсыныстар айтылды.
Шешу жолдары - Нормативтік құқық актілерге өзгерістер енгізу
Ағымдағы жағдайы - ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА
Орындау барысы - Салалық кеңес отырысының хаттамасы "Атамекен" ҚР ҰКП АКДД-не жолданды, жауап түскен жоқ.
2.
Проблемалық мәселенің түрі - Дуалді оқыту шеңберінде тәлімгерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша
Бастамашы - Салалық кеңес мүшелері
Проблемалық мәселенің қысқаша сипаттамасы - Маңғыстау облысының медициналық ұйымдарында тамақтануды қамтамасыз ету;
Шешу жолдары - Білім беру саласындағы салалық кеңес мүшелерінің қатысуымен дуалды оқыту жүйесін енгізген колледж басшыларымен, сондай-ақ әріптестік кәсіпорындарда тәлімгерлермен жұмыс кеңестерін ұйымдастыру
Ағымдағы жағдайы - ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА
Орындау барысы - 05.01.2025 ж. СЗ-РПП13/00001 қызметтік жазба жолданды, әзірге жауап түскен жоқ.
1. Нұрмағанбетова Жанат Камаладинқызы – «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры
2. Құсайынова Толқын Берлібекқызы –«IQ» білім беру орталығының басшысы
3. Әбілова Ақтолқын Насихатқызы - «Өркениет Ақтау» ЖШС директоры
4. Қылышбаева Рыскүл Берікбайқызы – «Арғымақ-СС» ЖШС басшысы
5. Қонысбаева Гүлжанат Өтеуқызы – «Ерасыл» дара кәсіпкер
6. Қауқарова Алтынгүл Төлегенқызы – «Каукарова» дара кәсіпкер
7. Бекназарова Қарлығаш Абатбайқызы - «Mediana Services Limited» ЖШС басшысы
8. Шалқарова Айбала Көпбергенқызы – «Шалқарова» дара кәсіпкер
9. Қалиева Эльмира Ізмұханқызы - «Центр развития социальных проектов «Қамқорлық» әлеуметтік жобаларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры
10. Әуезов Есен Орынбасарұлы - «Маңғыстау-А» ЖШС басшысы
11. Тастемірова Зейнеп Жұмағалиқызы - «IntellektUm» ЖШС басшысы
12. Бертаев Нұржан Дүйсенбайұлы – М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясының Ақтау көлік колледжінің директоры
13. Қаламқали Гүлжан Мұхитқызы – «Прикаспийский колледж "Болашак» директоры