«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтауда кәсіпкерлерге арналған Ашық есік күні өтті

2022 жылғы 08 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
13199 просмотров

Бүгін Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ғимаратында бизнес өкілдеріне арналған Ашық есік күні өтті. Кәсіпкерлер мемлекеттік органдар және қаржы институттары өкілдерінен тегін кеңес алды. Іскерлерге білікті мамандар мемлекеттік қызмет, салық, ауылшаруашылығы, білім, құрылыс, жер қатынастары, жұмыспен қамту және мемлекеттік сатып алулар бойынша кең көлемде ақпарат берді. «Ақтау теңіз порты» АЭА мен «Каспий» ӘКК өкілдерінің де кеңесін алды.

«Осы жерден кәсіпкерлерге көмек көрсетілетінін естіп келдім. Бәрі ойдағыдай. Бизнес жоспар жасату жоспарымда бар еді. Соған тиісті кеңесті алдым. Тегін қызмет көрсетті. Ризамыз»,- дейді кәсіпкер Рауан Қаржаубаев.

Ал, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнеске жасалатын әкімшілік кедергілерді жою мақсатында облыстың прокурорлары да іскерлерге өз кеңестерін беріп, түйіткілді мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді.

Таңертең басталған шара кешке дейін жалғасты.

Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП-ның 9 жылдығына орай, «Отар» спорт кешенінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Жаңаөзен қалалық және аудандық филиалдардың қызметкерлері, сондай-ақ, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мамандарының қатысуымен футболдан жарыс өтеді. Спорттық шараға 26 қызметкер қатысады. Олар 4 командаға бөлініп, бақ сынайды. Жеңімпаздар жарыс соңында марапатталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер