Климаттық өзерістерге бизнесті бейімдеу
Өзбекстан Республикасы, Нөкіс қаласында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамы (GIZ) ұйымдастырған «Климат сарапшы» әдісін пайдалану бойынша тренинг басталды.
Өзбекстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму федералды министрлігінің тапсырысы бойынша шара 5 күн бойы өтеді. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінен өкілдер қатысуда. Қазақстан атынан Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері барды. Іс-шараның бірінші күні климаттың өзгеруі, одан су ресурстарына, ауыл шаруашылығы мен экожүйеге, ормандарға, балық, мал шаруашылықтарына, адам денсаулығы мен елді мекендердің инфрақұрылымына тигізетін әсері талқыланды. «Climate Expert» тәсілі ұйымдарға климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдауға және бейімделудің тиімді стратегияларын жасауға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл тәсіл шағын және орта бизнестің қажеттіліктеріне өте қолайлы.
«Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» жобасы бойынша «Климат сарапшы» әдісін үйреніп жатырмыз. Жергілікті компанияның бағалау кестесін мысалға ала отырып, климаттың өзгеруінің бизнеске әсер ету мәселелері қаралды. Атап айтқанда, климаттың қолайсыздығы жағдайында компанияның осалдық танытқан тұсын бағалау, климаттың әсерінен болатын теріс немесе оң өзгерістер, тәуекелдерге баға беру, тәуекелдер матрицасы, сондай-ақ, ауа райының өзгеруі кезінде бизнестің жаңа мүмкіндіктерге ұмтылуы үйретілді. Түйгеніміз мол»,- дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының 1-санатты сарапшысы Гүлнар Желдібаева.
Сондай-ақ, климаттың өзгеруіне бейімделу және митигация, яғни климаттық өзгерістерден адам өмірі мен материалдық меншікке төнген қауіпті жою немесе азайту үшін қолданылатын шаралар да айтылды. Өзбекстан жерінде өтіп жатқан тренингтің үшінші күні бейімдеу жөніндегі шаралар, бейімдеу стратегиясы мен шаралары қаралды. Климаттың өзгеруі кезінде бизнеске келетін шығын есептеу үйретілді. Қоршаған ортаның оң және теріс салдарлары сараланды. Шараның алдағы екі күнінде Өзбекстанның белді кәсіпорындарын аралау, климатқа бейімделіп, оң жол тапқан өндіріс ошақтарын көрсету жоспарланған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: