«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ет өнімдерінің дайындалуы және олардың сауда орындарына өткізілу тәртібі

2021 жылғы 29 Маусым
- Маңғыстау облысы
4321 просмотров

Бүгін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданындағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы басқосу өтті. Мақсат- облыс аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасу. Шараға ӨКП директорының орынбасары Бақтыбай Ізімтаев қатысты.

Негізгі мәселе-облыс аумағында ет және ет өнімдерінің дайындалуы және олардың сауда орындарында өткізілуі кезіндегі ветеринариялық-санитариялық жағдайды қарастыру.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңының талаптарына сай ветеринариялық санитариялық бақылау және қадағалауға жататын тамақ өнімдеріне –ет, сүт, балық, жұмыртқа және балара шаруашылығының өнімдері жатады.

Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы жануарлары жыл - он екі ай бойы жайылымда болатындықтан, облысымыз республика бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларынан таза, қолайлы аймақ болып табылатын бірден-бір облыс.

Бірақ, облысымызды ет және ет өнімдерімен толықтай қамтамасыз етуге облыстың ішкі ресурстары жетпейді. Сондықтан, көптеген кәсіпкерлер облысымызды ет және ет өнімдерімен қамтамасыз ету және сол арқылы табыс табу мақсатында, облыс аумағына еліміздің өзге облыстарынан, одан әрі шетелдерден ауыл шаруашылығы жануарларының түр-түрін тасымалдауда.

2021 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша облысымызда дайындалған ет және ет өнімдерінің 95,2%-ы облыстан тыс жерлерден тасымалданатын ауыл шаруашылығы жануарларынан алынған. Ал, бұл көрсеткіш 2020 жылы-90,0% болған болатын. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жануарлары облысымызға Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарынан және Беларуссия Республикасы мен Ресей Федерациясынан тасымалданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер