МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ШАРУАЛАР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНУЫН ТАЛАП ЕТУДЕ
Маңғыстаулық шаруалар төтенше жағдай жариялануын талап етуде. Өңірге 2 жыл қатарынан жаңбыр жаумай, малшылар мен егіншілер қуаңшылыққа тап болды. Салдарынан егістік қурап, шөп пен жем қоры жоқ. Көрші облыстардан тасымалданатын жем-шөп құны 4-5 есе қымбатқа түсуде.
Биыл Маңғыстауда егін шаруашылығында 900 гектар жер игеріліп жатыр. Оның өнімділігіне күмән бар. Өйткені ауыз су тапшы. Жауын-шашын атымен жоқ. Қазір облыста орта есеппен 29 мың ірі қара, 80 мыңнан астам түйе, 123 мың жылқы, 600 мың қой-ешкі тіркелген. Алдағы уақытта мал басының күрт азайып кету қауіпі бар деп алаңдайды шаруалар.
Тұщыбек Далжанов, шаруа:
-Жаңбыр жоқ. Енді 1 айдан кейін қуаңшылық боп ктеейін деп тұр. Елге, шаруаларға көмек көмек ойламаса маңғыстаулықтардың малы азайып кетуі мүмкін. Қазір арпаның кг-106 тг, кебек-92тг. Тасымалмен келгесін қымбатқа түсіп тұр. Тасымалға субсидия бөлсе, шаруаларға малды аман алып қалуға мүмкіндік туар еді.
Каспийден несібесін теріп жүрген балықшаларда да базына көп. Балық инспекциясы, шекарашылар, қала берді тәртіп сақшыларынан қысым көреді. Өйткені қолданыстағы заңда аймақ ерекшелігі ескерілмеген.
Балықшы Мейір Жолдыбаев: «Каспийдің ерекшелігі- балықты кешке аулаймыз кефаль аулаймыз. Былтыр заң шығып еді түнде аулауға болады деген оны шекарашылар мойындамайды.Учаскеге бөліп тастады, бұл- теңіз. Учаскеде бір күн болса балық, бір ай жоқ. Мен басқа учаскеге барсам айыппұл салады.
Шаруалардың мұң-мұқтажын тыңдап, Үкіметке ұсыныс дайындау мақсатымен Мәжіліс депутаттары өңірге арнайы келді. Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен облыстың барлық аудан кәсіпкерлерімен кездесіп шықты. Шаруалармен дидарласу қызу талқымен өтті. Ауыл шаруашылығы саласында қордаланған мәселе көп. Адай жылқысына асыл тұқымды статусын беру, құдық қазуға, шабындыққа субсидия бөлу, теміржол тарифтерін төмендету —басты мәселе. Егін, мал, балық шаруашылықтарындағы күрделі сұрақтарға Үкімет назарын аудартып, одан әрі шешу жолын қарастыру—басты мақсат,- дейді депуттар.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Төтенше жағдай жариялау керек. Әйтпесе малды қырып аламыз деген уәж айтылды. Барлық кездесу қорытындысы бойынша арнайы ұсыныстар дайындалып, Үкіметке береміз. Ал, заңға өзгеріс енгізукерек болса, онда Мәжіліс тарапынан Үкімет қаулысына өзгерту енгізуге ұсыныс дайындаймыз.
Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Үкіметке Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы шара қолдану туралы ұсыныс жасауымыз керек. Бұл проблема шешілуі керекдеп есептейміз. Бұдан да қиын шаруаларды Үкімет халық үшін шешкін. Қазіргі поблеманы шешуге толық мүмкіндік бар. «Ұлттық бағдарлама дайындалып жатыр. Сол үшін малды сақтап қалу үшін оның өнімін халыққа жеткізу үшін шұғыл шаралар қабылдауымыз қажет.
Іскерлердің өзекті мәселесі облыс әкімінің қатысуымен Өңірлік кәсіпкерлер палатасында жалғасты. Маңғыстау құдық қазуға берілетін 50 % субсидиядан қағылған. Шаруалар соны қайта қалпына келтірсе дейді. Су тапшылығын шешу үшін құдық қазуға берілетін субсидияның тағы 30% жергілікті билік мойнына алуға дайын. Ендігі кезек- Үкіметте.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: