«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

"Кәсіпкерлік және бизнес негіздері" пәні бойынша дәрістері циклі өтуде

2021 жылғы 13 Сәуір
- Маңғыстау облысы
4825 просмотров

13 сәуірден бастап Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер Палатасы "кәсіпкерлік және бизнес негіздері"пәні енгізілген өңірдің жалпы білім беретін мектептерінде қонақ дәрістерін өткізе бастады.
10-11 сынып оқушыларына Маңғыстау облысы кәсіпкерлерінің өңірлік кеңесі, Маңғыстау облысының іскер әйелдер кеңесі мүшелері және кәсіпорын басшылары қатарынан аймақтың табысты кәсіпкерлері дәріс беруде. Қонақ дәрістері оқу жылының соңына дейін онлайн форматта өткізіледі.
Бірінші дәрістің тақырыбы "кәсіпкердің жауапкершілігі (экономикалық, заңдық, әлеуметтік, экологиялық, этикалық)"болып таңдалды. Ақтау қаласы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, "Saydars Service Catering Co"ЖШС құрылтайшысы және директоры Нұрбану Иманғазиева Мұнайлы ауданының №6 мектебінің 11 сынып оқушыларымен өз тәжірибесімен бөлісті.
Нұрбану қоғамдық тамақтану және Кейтиринг саласында өз бизнесін дамытуда. Дәріске 90-ға жуық оқушы қатысты. Олар спикерге сауда және қызмет көрсету саласында өз бизнесін ашу бойынша сұрақтар қойды.
Дәріс қызу диалог форматында өтті. Спикер оқушылардың кәсіпкерлік тақырыбына деген жоғары қызығушылығын атап өтті және өз бизнес-жоспарымен бөліскісі келетін оқушыларға тәлімгерлік қолдауды ұсынды. Нұрбану оқушылардың бизнес-жоспарларын қарап, оларға тиісті кері байланыс беруге дайын.

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәні енгізілген Қарақия ауданының №6 мектебі мен жалпы білім беру мектеп-гимназиясының 11-ші сынып оқушыларына Zoom платформасында лекция өткізілді.

Тақырыбы – «Шағын және стартап бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шаралары». Лекцияға қатысқан оқушылар мен ұстаздар тарапынан қойылған гранттық конкурс, оның талаптары туралы сұрақтарға лекцияны жүргізуші – «Бастау» жобасының бизнес тренері Гүлшат Кульжумирова жауап берді.

Биылғы оқу жылының аяғына дейін Маңғыстау облысының барлық аудандарында кәсіпкерлердің қатысуымен осындай лекциялар өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер