ТУРИЗМ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн форматта туризм мәселелері талқыланды. Шарада "Турист" ЖШС жобасы таныстырылды. "Атамекен" ҰКП орталық аппараты, білім басқармасы, инвестициялар және туризм басқармасы, "Қазақ туризм" ҚБ өкілдері көріп, танысты.
"Турист" ЖШС туроператоры "Тірі сабақтар" жобасын таныстырды. Бұл-ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік беретін зияткерлік жоба. Балаларды оқыту жоспарына қызықты және маңызды материал береді. Бұл жобаға екі тарап мүдделі-туризм және білім беру салалары. Тұсаукесер 4 бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімде оның қандай қызметтері туралы ақпарат берілді. Жоба туризмді дамыту үшін ғана емес, оның қаншалықты маңызды және қажет екенін айқындау. Оқу процесіне толықтырулар енгізу, сонымен қатар зияткерлік және
оқушылар мен студенттердің мәдени дамуына ықпал ету.
Екінші бөлімде "Турист" ЖШС фирмасы саяхаттар ұсынды. Маңғыстау облысы оқушыларының әртүрлі жас топтары үшін мынадай пәндер: биология, география, тарих және мәдениеттануға арналады.
Үшінші бөлімде "Турист "ЖШС туроператоры турбағыттар жобасын ұсынды.
Төртінші бөлімде: Маңғыстау аумағына басқа қалалардан келген студенттер мен жастарға арналған жоба.
Туристерді орналастыру, тамақтандыру, көліктік-экскурсиялық қызметтер көрсету мүмкіндіктері. Осы орайда ойын-сауық және мәдени бағдарламаларды қосу және саяхаттау.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: