«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының орындалысы мен шешімі

2021 жылғы 17 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4571 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының облыста орындалысы талқыланды. Алдымен сөз алған МО кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев бағдарламаның жоғары нәтижемен орындалуы үшін нақты әдістерін ұсынды.

Ал, облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаев пен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов мәселені бірлесіп шешу жолын қарастыруға шақырды.

Екінші жыл қатарынан жүзеге асқан бағдарлама жеңілдетілген несие беру бағытын дамытуды қажет етеді. 2021 жылы өңірдегі бизнесті қолдауға "Қарапайым заттар экономикасы" арқылы субсидиялауға 1,1 млрд тг., кепілдікке 200 млн тг, ал "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасына 3,3 млрд тг субсидиялауға, 984 млн тг кепілдікке қарастырылған.

Ағымдағы жылы «Жобалық кеңсе» мемлекеттік қолдау шаралары мен бизнестің қарсы міндеттемелеріне тиісті цифрлық және сапалы мониторингті қамтамасыз ету мақсатында жеңілдікпен несие беру бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жасаудың басқа тәсілін жүргізетін болады.

«Қарапайым заттар экономикасы»(ҚЗЭ) мен «Бизнестің жол картасы»(БЖК) осы екі бағдарлама бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алған жобалар тізбесі қалыптастырылатын болады. Бизнес пен бағдарлама операторларына тауардың шығуы туралы деректер алу үшін сауалнама жүргізу жолымен, яғни жұмыс орындарының саны, жобаның қуаты, салық төлемдерінің көлемі субъектіден кейінгі талдау жүргізілетін болады. Алынған деректер «өнеркәсіп» ақпараттық жүйесінде автоматтандырылады. Осыған байланысты «Жобалық кеңсе» БЖК аясында тауар бойынша шығыс және тиімділік бойынша мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде проблемаларды анықтау үшін ҚЗЭ және БЖК бағдарламаларының қарыз алушыларымен жұмыс жүргізу бойынша тапсырмалар берілмек.

«Жобалық кеңседе» БЖК бағдарламасын жүзеге асыру бойынша талдау жүргізілуде. Осы жылдың қаңтар айында Маңғыстау облысы бойынша 1,3 млрд.теңге сомасына 135 жоба субсидияланды, 28 млн. теңге сомасына 2 жоба кепілдендірілді. Сондай-ақ, «Жобалық кеңсе» аясында «ҚазАгро» бағдарламаларын жеңілдікпен несиелендіру бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізуде. Бүгінгі таңда кеңейтілген талдау жүргізу үшін жобалар бойынша толық ақпарат жетіспейді, атап айтқанда, кәсіпорындардың атауы, сала, кредит мақсаты, тауар шығару, тиімділік және т. б.Осыған байланысты, «Жобалық кеңсе» Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, заңнама нормаларын ескере отырып, қолдау шараларын алушылар бойынша ҚазАгро деректерін ұсыну мүмкіндігін пысықтауда.

Бұдан басқа, сауалнама шеңберінде жобалық кеңсеге АӨК саласын субсидиялау тетігі бойынша (қолдау, қарау мерзімдері, конкурсты жариялау және өткізу мерзімдері және қаржыландырудың жеткіліксіздігі және т.б.) бизнестен көптеген шағымдар келіп түсті. Ол үшін жобалық офис бір апта мерзімде АӨК саласындағы бағдарламаларды мониторингілеу бойынша жаңа тәсілдерді пысықтауды тапсырды.

Қазір Маңғыстау облысы бойынша бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 68 325,1 млн. теңгеге 116 жоба қатысады. Жалпы сомасы 50 805,1 млн. теңгеге туризм, қоймалар, жеңіл, химия, жиһаз өнеркәсібі және т. б. салаларда барлығы 107 жоба мақұлданды.

Екінші деңгейлі банктерде 410 млн. теңге сомасына туризм және тамақ өнеркәсібі саласында 2 жоба қарастырылуда.

Жалпы сомасы 16 050 млн. теңгеге тамақ өнеркәсібі, білім беру және металлургия салаларында 4 жоба идея алғашқы сатысында тұр.

««Даму» қоры жалпы сомасы 15 119 млн.теңгеге «Қарапайым затттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қатысатын 34 жоба бойынша субсидиялау шарттарына қол қойды. «Қолдау» цифрлық бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығы басқармасы 1 362 млн.теңге сомасына 57 жоба бойынша субсидиялау туралы шарттарға келісті. Облыс бойынша субсидияланған жобалар саны – 7291, жалпы сомасы 16 481 млн. теңгені құрады»,-дейді ӨКП директоры Рашит Мұстапаев.

Мақұлданған несиелердің жалпы сомасының үлкен үлесін 50 млрд.теңгеге «ҚазАзот» АҚ жобасы құрайды. Бүгінгі таңда бұл жобаны «Халық банкі» қарастыруда. Бүгінгі күні бұл соманы субсидиялау шартына қол қою мәселесі қалуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер