ҮШЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында «Қаракөл көлі» сулы-батпақты алқабын тұрақты пайдаланудың
әлеуетті мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Отырысқа МО кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев, Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев, Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Мұңалбай Сансызбаев, "Ecojer" қауымдастығының өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Қажымұрат Хайрушев қатысты.
Шарада сөз алған Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталып, қатысушыларды дөңгелек үстел жұмысына белсенді қатысуға шақырды.
«Осы сулы-батпақты алқапта жылдың әртүрлі мезгілдерінде суда жүзетін және су маңы құстарының 175 түріне дейін кездеседі, олардың 20-дан астамы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бұл кіші аққу және сұңқылдақ аққу, бұйра және қызғылт бірқазандары, қоқиқаз, қарабай, аққұйрықты субүркіт, үкі және т. б. Қаракөлдің экологиялық туризм нысаны ретінде дамуы үшін және оны мекендеушілерді сенімді қорғау, оның ішінде соңғы кезде құстарды дронмен үркітуге құмар азаматтардан қорғау мақсатында, экологиялық-ағарту орталығын ашып, экологиялық соқпақтарын салып, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар үшін ыңғайлы жабдықталған бақылау мұнараларын және құстарға арналған жемделу алаңдарын орнату керек», – деді Әділбек Қозыбақов.
Қаракөл көлінің проблемаларын шешуге арналған дөңгелек үстел барысында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, "Ecojer" республикалық қауымдастығының аймақтық экологиялық кеңесі және Батыс Қазақстанның "Табиғи орта" ҮЕҰ аймақтық қауымдастығы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мустапаев айтуынша, үшжақты меморандум Маңғыстау облысының бизнес-ортасы мен әлеуметтік саласындағы экологиялық аспектінің әлеуетін нығайтуға бағытталған.Меморандумға қол қоя отырып, тараптар халықтың да, кәсіпкерлер арасында да экологиялық мәдениетті арттыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтындарын айтты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: