«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУ ТАПШЫЛЫҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕГЕ АЙНАЛДЫ

2021 жылғы 04 Ақпан
- Маңғыстау облысы
9258 просмотров

Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы ең күрделі мәселеге айналған. Каспий теңізінің тұзды суын тұщытып тұтынып келеді. Сонымен қатар жер асты суларын пайдаланса да көпшілікке жететін емес. Халық саны күрт өсіп бара жатқан өңірде «Каспий» су тұшыту зауытының суын екі есе ұлғайтқанда ғана мәселе бір жақты болады. Бірақ мәселенің биыл да шешілмейтін түрі бар. Жерасты су қорлары да тамызыққа жетпейді. 

Маңғыстауда біраз елді мекендер ауыз су ретінде жерасты суларын пайдаланады. Оның су мөлшері тәулігіне 16 мың текше метрді құрайды. Мысалы, Қияқты,  Түйесу, Сауысқан, Құйылыстан ауыз су ретінде пайдаланылатын жерасты суларын сору арқылы ішіп қана емес, мал суару мен егістікке де қолданылады. Бірақ тұщылығы зауыт өндірген сапаға жетпейді. Сондықтан да шаруалар су тапшылығын ала жаздай көреді.

 Кәсіпкер Талғат Сүлейменов су тапшылығы салдарынан былтыр жазда қауын-қарбыз алқабын қуратып алған. Енді әкімдік ащы суды тұщытып пайдалануды ұсынған. Оны тұщытатын қондырғы 10 млн тг тұрады. оған қаражат жоқ. Әрі тазартылғаннан қалған қалдықты құятын орын таптырмайды деп отыр.

Ақтау қаласында мәселе кезең-кезеңімен туындаса, Мұнайлы ауданы айлап сусыз қалады. Былтыр төтенше жағдай уақытында тұрғындар көп қиындық көрді. Бір цестерна судың құны 2,5 мың тг-ден 10 мың тг көтерілген. 174 мың халқы бар ауданға тәулігіне 35 мың текше метр тіршілік нәрі керек. Ал, су тұщыту зауыты елді мекенге тәулігіне небәрі 15 мың т.м-мен шектеліп отыр. Мәсле биыл да шешімін таппайтын сыңайлы.

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров қазір қолданыста 21 су тасығыш көлік бар, жақында тағы 20 көлік алынады. Мәселе су тұщыту зауытының өнім көлемі екі есе артқанда шешіледі дейді. Зауыт қанша береді, сонша халыққа кедергісіз жеткізіп береміз. Биыл су тапшылығы толық шешіледі деу қиын,- деп ой түйіндеді. 

«Каспий» су тұшыту зауытын жаңғырту жұмыстары биыл тағы кейінге қалды. Карантин салдарынан ресейлік мердігерлермен байланыс қиындады. Қазір тәулігіне 20 мың текше метр су шығарып тұрған зауыт қуаттылығын  40 мың текше метрге дейін жеткізгенде ғана су мәселесіне нүкте қойылады. Биылғы жазда тек 4 мың текше метр қосылмақ.

Абзал Меңдібаев «Каспий» ӘКК АҚ Басқарма төрағасы:

-Биыл 40 мың т.м су берілмейді, 24 мың беріледі. Осы зауыттың мүмкіншілігі 20 мың, жөндеу жұмыстарымен, өзіміз модернизация жасап 24 мыңға көтереміз. Бұл проектен тыс. 600 млн тг жоспарлап отырмыз. Мембраналарды ауыстырамыз осымен көбейтеміз.

Сарапшылар халық саны мен кәсіпорындардың өсуін ескере отырып, 2025 жылға қарай Маңғыстау облысында тапшылық тәулігіне 95 мың текше метрге жетуі мүмкін деп есептейді. Биыл мәселен, Ақтау жағалауындағы 12 гектар жерде орналасқан ірі қонақ үй кешені аумақты көгалдандыру мақсатында өз шекарасын тағы 120 гектарға дейін кеңейтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер