«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлік мәселелері жөнінде өңірлік «Жобалық кеңсенің» отырысы өтті

2021 жылғы 03 Ақпан
- Маңғыстау облысы
3208 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі «Жобалық кеңсенің» қызметі туралы отырыс өтті. Оған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов төрағалық етті. ӨКП директоры Рашит Мұстапаев басқосудың алғашқы сөзін «Жобалық кеңсенің» облыс аумағында орындалысын қатаң қолға алу қажеттігін айтумен бастады. Сонда нәтиже де жоғары, жұмыс та бір жүйеге түседі деді.  

Сонан соң Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Әлия Акинова «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жеңілдетілген несиелендіруді іске асыру барысы туралы баяндады. Мемлекеттік сатып алудың 6 саласы бойынша жоспарларды талдау, өңірлердің экономикалық картасын дайындау барысы туралы толыққанды айтып өтті.

Мемлекеттік сатып алу басқармасы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп тауар топтары бойынша сатып алу және жергілікті қамту мониторингін және талдауын жүргізуді қамтамасыз ету қжеттігі қозғалды.

«Жобалық кеңсенің» хатшылығына өңірдің мемлекеттік тапсырыс берушілерінің тізбесін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталының деректерінен алшақтықты ескере отырып, «Қарапайым заттар экономикасы» тауарларын сатып алу бойынша 2021 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарларын ұсыну керек екені айтылды. Облыс әкімдігінің басқармалар басшыларын және қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарларын ведомстволық бағынысты ұйымдарды шақыра отырып, бір ай мерзімде өңірдің барлық тапсырыс берушілерін талдау және анықтау жүргізу туралы нақты тапсырма берілді.   Мемлекеттік сатып алу басқармасы, қаржы басқармасы бір апта ішінде облыс әкімі аппаратының құқық бөлімімен Мемлекеттік сатып алу мониторингі функциясын Мемлекеттік сатып алу басқармасының ережесіне енгізу мәселесін пысықтауы тиіс. Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы болса, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Жобалық кеңсенің» хатшылығына «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ және жер қойнауын пайдаланушылардың 2021 жылға арналған сатып алу жоспарларын ұсынуы, «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ  тапсырыс берушілерінің және жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін дайындауы қажет. Сондай-ақ, екі аптада бір рет «Қарапайым заттар экономикасы» тауарларын мемлекеттік сатып алу шеңберінде жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде жергілікті қамтуды бақылау комиссияларының отырыстарында мемлекеттік органдар мен қалалар, аудандар әкімдіктерінің есептерін тыңдауы міндеттелді. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына болса,  өңірлердің экономикалық картасын қалыптастыру тәртібімен бекітілген нысандарға сәйкес жиынтық өзектілендірілген ақпаратты қамтамасыз етіп, инвестициялар және туризмді дамыту, кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармаларымен, сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, ағымдағы жылғы 18 ақпанға дейінгі мерзімде кәсіпорындарды паспорттау арқылы оларды қосымша тіркеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында кәсіпорындар қуаттарының төмен жүктелу себептеріне талдау жүргізуі қажет болады. Кәсіпорынның инфрақұрылымының қолжетімділігі, жабдықтың болуы, орналасқан жері, иеленушінің қаржылық жағдайы тұрғысынан неғұрлым перспективалы әрекетсіз объектілерді айқындау мәселесі де талқыланды.

Мазмұнды өткен басқосудың нәтижесі келесі кездесулерде белгілі болмақ.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер