«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстау облысының кәсіпкерлеріне таңбалау туралы ақпарат берілді

2018 жылғы 01 Ақпан
- Маңғыстау облысы
8239 просмотров

Тауарларды таңбалауды енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырудың Бекітілген Ережесіне сәйкес табиғи тері және тон  бұйымдарын шығаратын әрі өткізетін кәсіпкерлер өз тауарын таңбалауға міндетті.

Таңбалау – келешекте бірегей ету үшін, оның құрамы мен сипаттамасын көрсету мақсатында белгілі бір нысанға шартты белгілер, әріптер, сандар мен графикалық белгілерді немесе жазуларды салу.

Қайрат тері бұйымдарына уақытылы таңбалау мақсатында жергілікті кәсіпкерлерге түсіндіру, ақпарат беру жұмыстары қол алынған:

  • Өңірде тері бұйымдарын шығарумен және өткізумен айналысатын барлық кәсіпкерге қалған тері бұйымдарын бекітілген ауыспалы кезеңде (2018 жылдың 25 ақпанына дейін) таңбалау қажеттілігі туралы ақпарат беру, хабардар ету жұмысы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімдерінің қызметкерлерімен бірге кәсіпкерлердің жұмыс орнын аралау арқылы жүргізіледі;
  • Нарық ауқымын оъективті анықтау үшін тері бұйымдарының қалған санын нақтылау жұмысын жалғастыру;
  • Жүйеде (GS1 Қазақстан және «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнім) тіркеу және тиісті мәліметтерді енгізу бойынша кеңес беру;
  • Кәсіпкерлер тапсырыс беген бақылау белгілері мен қалған бұйымның таңбалануына күн сайын мониторинг жүргізу;
  • Экономикалық интеграция департаментіне күн сайын жалпы мәлімет беру.

2016 жылдың қараша айынан бүгінге дейін жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы тері бұйымдарын өткізетін кәсіпкерлерді түгендеу жұмысын атқарды.

Соның нәтижесі бойынша 41 кәсіпкерде тері бұйымдары қалғаны анықталды. Аталған мәселеге орай кәсіпкерлер үшін арнайы жиындар, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, барлық анықтамалық ақпараттар: қадамдық алгоритм, инфографика, келісімшарттың типтік үлгісі және 2-деңгейлі Эмитенттің байланыс мәліметі берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер