«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда «Бір ауыл - бір өнім» жобасының бренд-амбассадорлары таңдалды

2025 жылғы 26 Тамыз
- Қарағанды облысы
1323 просмотров

Қарағандыда «Бір ауыл - бір өнім» жобасы бойынша бренд-комитеттің отырысы өтті. Бұған дейін қалада Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен БАБӨ жәрмеңкесі өткен болатын. Шараға 60-тан астам өндіруші қатысып, олардың 10-ы жартылай финалға жолдама алған еді.

Бренд-комитет құрамына өңірлік кеңес мүшелері, облыстық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, мәдениет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары енді. Сондай-ақ отырысқа салалық кеңестердің сарапшылары, «Даму» қоры және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Кандидаттар өз өнімдерін таныстырды: Арайлым Қыстаубай- жүннен жасалған кілемдер мен әшекейлік бұйымдар, Дәмелі Ермекова — қолөнерге арналған жинақтар, Жанар Қаңтарбай — сүт өнімдері, Жаннұр Төлебаева — жүннен жасалған көрпе мен кілемдер, Лаура Жанабаева — қолөнер сабындары, Меруерт Нұрланбекова — керамикалық тақтайшалар, Алтынбек Аманжолұлы — матрастар, Амантай Рысбек — ет өнімдері, Асланбек Жамалдинов — ысталған ет, Дарияш Ильяшева —биогумус.

Кандидаттар өндірістегі мәселелерін, алдағы жоспарларын бөлісіп, бренд-комитет мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Қазылар өнімнің табиғилығын, қаптамасын, санитарлық талаптарға сәйкестігін және идеялардың ерекшелігін бағалады. Әсіресе дәстүрді сақтауға және экологиялық бағытқа негізделген жобаларға ерекше назар аударылды.

Нәтижесінде үш үздік кәсіпкер анықталды. Финалисттер:  Арайлым Қыстаубай жүн өнімдерімен, Дәмелі Ермекова қолөнер жинақтарымен және  Жанар Қаңтарбай сүт өнімдерімен. Жеңімпаздарға өндірісті кеңейтуге және қажет болған жағдайда экспортқа шығуға ҰКП «Атамекен» салалық департаменттері тарапынан қолдау көрсетіледі.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов атап өткендей, жеңімпаздарға өндірістік технологияларды үйрету, тауар таңбаларын әзірлеу, сапа стандарттарын енгізу және өнімді нарыққа шығару бойынша көмек беріледі.

«Үш финалист облыс атынан республикалық деңгейде өнер көрсетеді. Жоба микро- және шағын бизнесті қолдауға бағытталған. Жеңімпаздардың әкім гранттары байқауына қатысуға, түрлі республикалық және халықаралық көрмелерге шақырылуға мүмкіндігі бар. Бұл- олар үшін шетел нарығына шығуға жол ашады», — деді Ернар Дауылұлы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174