«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қымыз – күш-қуат пен денсаулықтың көзі

2016 жылғы 28 Қаңтар
- Маңғыстау облысы
16603 просмотров

Маңғыстаулық кәсіпкер Абай Жәдігеров қазақстандық қымыздың емдік қасиетіне шын көңілімен сенеді

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғындары қымызбен емделуді жөн санайды. «Дүйсенбаев» шаруа қожалығында әр күні таңертегілік 50-60 адамның басы қосылады. Олар өкпе, бүйрек, асқазан ауруларын емдеу үшін, тәбетті жақсартуға және т.б. үшін қымызға тапсырыс береді.

Қызылорданың тумасы Абай Жәдігеров бес жыл бұрын Мұнайлы ауданында жылқы өсірумен айналыса бастайды. Оның ат қорасынан француз, араб, қырғыз, башқұрт, ағылшын тұқымдас жылқыларды көруге болады. Олардың барлығы мығым денелі және кез-келген ауа райы жағдайына төзімді. Шығыны көп іс (француз айғырының бір өзі 60 000 долларға алыныпты). Бірақ игі әрі табысты кәсіп.   

Бизнесмен қымызбен бүйректегі тастан, құрт ауруынан, асқазанның ойық жарасынан және басқа да ауыр науқастардан зардап шегушілердің барлығын емдеп-жазуға боларына сенімді. Қымызбен емделгісі келетіндер саны аз емес. Таңғы бестен бастап кезекте тұрады. Олардың барлығын ұлттық сусынмен қамтамасыз ету әзірше мүмкін болмай отыр.

Саумал алуға үнемі келіп тұратындар арасында жергілікті тұрғын – сексен жастағы ақсақал Айнадин Келімберді де бар. Ол бір жыл бұрын асқазан ауруына шалдығып, таныстарының ұсынысынан кейін ұлттық сусынды іше бастайды. Нәтижесі көп күттірген жоқ. Ол жақында Астанаға оралып, білікті дәрігерлердің медициналық тексеруінен өтті.  

Шаруа қожалығында қысқы уақытта сауылатын 7 биеден 10 литр сүт алынады. Жазда орташа алғанда шамамен 100 литр алуға болады. Кәсіпкердің айтуынша, шаруашылық табысының көзі қымыз ғана болып табылады. 1 литрінің құны 1000 теңге тұрады. Негізгі сатып алушылар – аудан мен облыс орталығының тұрғындары. Шаруашылықта 12 адам жұмыс жасайды. Өнімді өткізуде еш түйткіл жоқ. Көбіне тұрақты клиенттер келеді, ал жаңадан келушілерге қышқыл сүт өнімі жетпей жатады. 

Шаруашылық басшысы Абай Жәдігеров ісін бастағанда жылқы санының 20 басқа жетпегенін еске алады.

«Болашақта адамдарға жұмыс беріп, өндірісті ұлғайту үшін, үйір санын 500 жылқыға жеткізгім келеді. Таяу арада Кәсіпкерлікті қолдау орталығына бармақшымын. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар жайлы сұрастырғым келеді. Егер шарттары тиімді болып жатса, банктен кредит алуым да мүмкін», - деп бөлісті жоспарымен малшы.

Кәсіпкердің агроөнеркәсіп кешенінде жаңа биіктерді бағындыруы үшін Мұнайлы ауданы Кәсіпкерлер палатасы жәрдем көрсетуге әзір.  

Палатаның аудандық филиалының директоры Әділет Сәмидің айтуынша, кәсіпкер бөтелкедегі қымызды дайын тауарлы өнім ретінде жақын жатқан қалалар мен аудандар дүкендеріне жеткізуді жөнге салуға шешім қабылдаса, КҚО көмекке келеді.

Мұнда мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультация беру, сауатты бизнес-жоспар құру және бизнестің қысқа мерзімдік негіздеріне оқыту еш қиындық тудырмайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер