«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

REX жүйесі (Швейцария мен Норвегияға экспорттаушылар үшін)

REX ЖҮЙЕСІ (ШВЕЙЦАРИЯ МЕН НОРВЕГИЯҒА ЭКСПОРТТАУШЫЛАР ҮШІН)

REX жүйесі дегеніміз не?

Еуропалық одақтың 2015 жылғы 24 қарашадағы № 2015/2447 регламентіне сәйкес Еуропалық Одақтың, Швейцарияның және Норвегияның бас преференциялар жүйесі (БПЖ) шеңберінде Еуропалық Одақтың экспорттаушылар жүйесі (REX жүйесі) енгізілді.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Еуропалық Одақтың БПЖ преференцияларын пайдаланушылар тізіміне кірмейді және өнімді Норвегия мен Швейцарияға экспорттаған кезде ғана преференциялар (кедендік әкелу баждарының ставкаларын төмендету) ала алады.

2021 жылғы 1 мамырдан бастап Швейцария мен Норвегияға өнім экспорты кезінде преференциялар алу үшін «А» нысанындағы тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттар қабылданбайды.

Осы мақсаттар үшін Rex (Registered exporters system) жүйесінде, шот-фактурада немесе кез-келген басқа коммерциялық құжатта тауардың шығу тегі туралы дербес мәлімдеме жасау үшін тіркеу нөмірін алу қажет.

Преференцияларды алу үшін құны 6 000 еуроға дейінгі тауарларды экспорттау REX жүйесінде тіркеуді қажет етпейтінін және тауардың шығу тегі туралы декларациямен (шот-фактурада немесе кез-келген басқа коммерциялық құжатта жасалған тауардың шығу тегі туралы мәлімдеме) расталуы мүмкін екенін атап өткен жөн.

Еуропалық Одақ елдеріне тауарларды экспорттау үшін бұл жүйеде тіркеу талап етілмейді.

REX ЖҮЙЕСІНДЕ ТІРКЕУ РӘСІМІ

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңымен «Атамекен» ҰКП REX жүйесінде экспорттаушыларды тіркеу құзыретіне ие.

REX жүйесінде тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 244-НҚ бұйрығымен (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100022437) айқындалған.

Экспорттаушының тіркеу нөмірін (REX нөмірін) алу үшін:

1) 17 облыста, 2 республикалық маңызы бар қалада және астанада өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну; 

2) ҚР ИДМ 2021 жылғы 31 наурыздағы № 244-НҚ бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу нөмірін алуға өтініш және ҚР ИДМ 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес құжаттардың көшірмелері ұсынылу қажет (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400009665#z8).

Тіркеу мерзімі-құжаттардың толық топтамасымен өтінім тіркелген күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейді.

REX жүйесінде тіркеу бір рет, шексіз мерзімге жүзеге асырылады және инвойста экспорттаушы көрсететін REX нөмірін алғаннан кейін тауардың әрбір партиясына сертификат алудың қажеті жоқ.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚҰНЫ

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының шешіміне сәйкес, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу бойынша қызмет көрсету құны 4 АЕК-ті құрайды.

Бұл ретте міндетті мүшелік жарналарды төлеу бойынша берешегі жоқ кәсіпкерлік субъектілері үшін 50% дисконт және құны 2 АЕК-ті құрайды.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер