«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан Иранмен әріптестікті нығайтады: өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

2025 жылғы 11 Желтоқсан
221 просмотров

2025 жылғы 11 желтоқсанда Астанада Қазақстан–Иран бизнес-форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан қатысты. Форум Иран Президентінің Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында өтіп, екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтуге және институционалдық ынтымақтастықты күшейтуге арналған маңызды алаңға айналды.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-форумның іскерлік бағдарламасына белсенді түрде қатысты. Палатаның Төралқа Төрағасы Райымбек Баталов «Атамекен» ҚР ҰКП мен Иранның ауыл шаруашылығы, тау-кен және өнеркәсіп сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Одан кейін тараптар ресми түрде құжаттармен алмасу рәсімін өткізді. Меморандум екі ел бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, кооперацияны дамытуға, бірлескен бастамаларды ілгерілетуге және институционалдық әріптестікті нығайтуға бағытталған.

Форумда Қазақстан Сыртқы сауда палатасы атынан Коммерциялық қызмет департаментінің директоры Алишер Дәркембаев құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қазақстан–Иран Іскерлік кеңесінің жұмысын қалпына келтіру және жандандыру екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы жүйелі әрі стратегиялық тұрғыдан жаңа кезең бастайтынын атап өтті.

Ол Кеңестің сенім қалыптастырудың, жаңа серіктестіктерді жолға қоюдың және нақты экономикалық жобаларды іске асырудың маңызды алаңына айналып отырғанын айтты. Сондай-ақ Қазақстан мен Иранның өнеркәсіптік кооперация, агроөнеркәсіп, логистика, энергетика, цифрлық сауда, медицина және білім беру салаларында өзара ынтымақтастықты тереңдетуге әлеуеті зор екені атап өтілді.

Бұдан бөлек, форумда жеке сектор инновациялар мен инвестициялардың негізгі қозғаушы күші екені ерекше аталып өтті. Бірлескен жобаларды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін ашық әрі тиімді қолдау тетіктерін қалыптастырудың маңыздылығы көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстан–Иран Іскерлік кеңесінің қызметі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық және институционалдық негізін нығайтып, ниеттерді нақты келісімдер мен бастамаларға айналдыруға мүмкіндік беретіні айтылды.

Бизнес-форумға қатысу және меморандумға қол қою «Атамекен» ҚР ҰКП үшін халықаралық экономикалық әріптестікті дамыту, сондай-ақ қазақстандық бизнес үшін Таяу Шығыс нарықтарына шығудың қосымша мүмкіндіктерін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174