«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында жаңа Салық кодексі түсіндірілді

2025 жылғы 18 Қыркүйек
- Алматы облысы
138 просмотров

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов пен «Атамекен» ӨКП директоры Азамат Әлиевтің қатысуымен Қонаев қаласындағы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналған көшпелі семинар өтті. Іс-шараға өңірдің кәсіпкерлері мен тұрғындары қатысты.
Президент атап өткендей, басты мақсат – нормаларды өзгерту емес, салық төлеушілердің жаңа менталитетін қалыптастыру.
Жаңа Салық кодексі 2026 жылдан бастап күшіне енеді
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді жаппай жеңілдетуді көздейді. Кодекстің басты мақсаты – бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау, көлеңкелі экономиканы азайту және әділ салық жүйесін қалыптастыру.
Негізгі жаңалықтар:
1. Салық есептілігі 30%-ға қысқарады, салықтардың саны 20%-ға азаяды, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады;
2. ҚҚС мөлшерлемесі 16% болып бекітіледі. Дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтер үшін – 2026 жылдан 5%, 2027 жылдан 10%;
3. Әлеуметтік маңызды қызметтер (ТМККК, МӘМС, орфандық ауруларды емдеу, кітап шығару, археологиялық жұмыстар) ҚҚС-тан босатылады;
4. Жеке табыс салығы прогрессивті шкала бойынша есептеледі: жылдық табысы 8500 АЕК-тен асатындарға – 15%;
5. Корпоративтік табыс салығы (КТС) – 20%. Банктер мен ойын бизнесі үшін – 25%, әлеуметтік сала үшін 2026 ж. – 5%, 2027 ж. – 10%;
6. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жеңілдетілген 3% мөлшерлеме сақталады;
7. Акциздер: құны 75 млн теңгеден асатын автокөліктерге, 100 млн теңгеден жоғары кемелерге, қымбат алкоголь мен темекіге 10% акциз салынады;
8. Жеке тұлғалардың әлеуметтік жеңілдіктері кеңейтіледі: мүгедектігі бар азаматтар үшін салықтық шегерімдер 882-ден 5000 АЕК-ке дейін өседі;
9. БЗЖҚ-дан төленетін зейнетақы ЖТС-тан босатылады;
10. Көлік салығы: 10 жылдан асқан автомобильдерге төмендетілген мөлшерлеме қолданылады.

Салықтық әкімшілендіру жеңілдетіліп, камералдық бақылау ескерту сипатында болады. Шағын берешек үшін бизнес-шоттар бұғатталмайды, ал төлемдерді кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетіледі.
Жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174