«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске нақты қолдау: кәсіпкер субсидиядан айырылған жоқ

2025 жылғы 18 Қыркүйек
- Абай облысы
126 просмотров

Заңдық қолдау — кәсіпкер үшін тек көмек қана емес, бизнесінің тұрақтылығы мен сенімділігінің кепілі. Мұндай қолдау даулы жағдайларда шешім табуға, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.

Палатаға жүгінген кәсіпкерлердің бірі жайылымды суғару мақсатында мемлекеттен субсидия алған. Алайда кейіннен құзырлы органдар тарапынан арнайы суды пайдалану туралы рұқсаттың жоқтығы алға тартылып, бөлінген қаражатты қайтару талабы қойылған болатын.

Аталған мәселе кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің көшпелі отырысында қаралды. Жиынға Қалалық прокуратура, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және басқа да уәкілетті органдардың өкілдері қатысып, мәселе жан-жақты зерделенді.

Кеңес қорытындысы бойынша кәсіпкердің құқығы қорғалып, субсидияны қайтару қажет еместігі жөнінде шешім қабылданды. Бұл шешім – өңір кәсіпкерлеріне көрсетіліп отырған нақты қолдаудың айқын мысалы. Кәсіпкерлер палатасы әрі қарай да бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғап, кәсіпкерлікке кедергі келтіретін түйткілдерді шешуді басты назарда ұстайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174