«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс және инфрақұрылымдық дамудағы мәселелер бірлескен жиналыста талқыланды

2025 жылғы 26 Наурыз
- Алматы қаласы
1283 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік палатасының алаңында құрылыс және қаланың инфрақұрылымдық дамуы жөніндегі салалық кеңестердің  бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде төрт негізгі мәселе қаралды.

Кеңестердің жұмысына Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс, қалалық ұтқырлық, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармаларының, «Күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС өкілдері қатысты.

Ескірген және апатты тұрғын үйлер қорын жаңарту, әлеуметтік инфрақұрылым, өзендер мен сейсмикалық қауіп-қатер аймақтарындағы объектілерді зерттеу және реконструкциялау мәселелері талқыланды.

«Тозығы жеткен ғимараттарға күрделі  жөндеу жүргізудің қажеті шамалы. Жер бетіндегі құрылымын сейсмикалық күшейтуді бастамас бұрын, жер астында жүргізілген коммуникация мен  іргетасты зерттеу керек. Оның құны қымбатқа түседі және қажеті де жоқ, деп есептеймін. Пайдалануға берілген жылын талдай отырып, тозған ғимараттарды сүріп тастаған оңай әрі арзан болады. Олардың орнына жаңа, заманауи сейсмикалық технологиялар бойынша салған дұрыс», - деп  «Капремпроект» ЖШС директоры Тұрсын Ищанова ойын ортаға салды.

Сондай-ақ, кеңес мүшелері кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Алматы қаласындағы жергілікті қамту және елішілік құндылықтар үлесі жөніндегі комиссияның жұмысын қайта бастауды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер