«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасында медициналық ұйымдарда қоғамдық тамақтануды қамтамасыз ету мәселесі бойынша жиын өтті

2024 жылғы 13 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
552 просмотров

Жиынға облыстық денсаулы сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров, облыстық санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлнара Көркінбаева, медициналық ұйым басшылары, басқарма басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиын барысында медициналық ұйымдарда қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

- Медициналық ұйымдардың басшылары тамақпен қамтамасыз ететін кәсіпкерлерге талапты күшейту керек. Барлығы келісімшарт бойынша орындалу керек. Кәсіпкер де көп пайда табуды көздейді. Бұл қалыпты процесс.Дегенмен сапасы нашар болмауы тиіс. Келісімшартқа қол қойып, өзіңізге жауапкершілік алсаңыз министрліктер бекіткен бұйрыққа сәйкес жұмыс істеуді сұраймын, - деді МО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.

Сондай-ақ кездесуде өңірдегі медициналық ұйымдардағы тамақтануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар да айтылды.

- Ұйымдардың басшыларының өзі кәсіпкермен жасалған келісімшартты толық оқып, танысуы керек. Бракераждық комиссия құрамына қандай мамандар болады, қандай тамақ беріліп жатыр соның барлығынан хабардар болуы тиіс. Мәселен Мұнайлы ауданындағы оқушылардың уланғанынан барлығыңыз хабардарсыз. Ал сол мектептің директоры келісімшартты оқымаған. Біз тексеріс барысында асхана қызметкерлерінің медициналық кітапшалары жалған екені анықталды. Сол себепті қоғамдық тамақтануды ұйымдастырып отырған кәсіпкер санитариялық эпидемиологиялық қағиданы сақтау керек, - деді МО санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлнара Көркінбаева.

 

Бұдан бөлек, Атамекен кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев әр ұйымда тамақтануды қамтамасыз ететін кәсіпкер сапаға мән беру керек екенін айтты.

- Қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру – үлкен жауапкершілік. Ақша таппаңыздар демеймін, ақша табу керек. Бірақ тамақтануды ұйымдастыру кезінде кәсіби мамандарға беретін ақыны үнемдеп қалғысы келеді. Мәселен мықты технолог маманды жалдау аз ақша емес, ал кәсіпкерлер оларға көп қаражат жұмсағысы келмейді. Мұндай кәсіпкерлердің мойнында қаншама оқушы үшін не болмаса науқас адамдар үшін жауапкершілік бар. Сол себепті кәсіпкерлер тек ақшаға құнықпай, адамгершілікпен табыс табуы тиіс, - деді Маңғыстау облыстық Атамекен кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Тұранұлы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер