«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңаөзенде тігін шеберханасы жеті мыңдай қыз жасауын тіккен

2024 жылғы 29 Сәуір
- Маңғыстау облысы
5716 просмотров

2018 жылы ашылған «Aisha» тігін шеберханасы бүгінде Қазақстанның өзге өңірлерінен тапсырыс алып, жеті мыңға жуық қыз жасауына қажетті қолөнер бұйымдарын дайындаған.

Шеберхана басшысы Эльмира Құдайбергенова біршама уақыт бала тәрбиесімен үйде отырған. 2018 жылы арнайы бағдарлама аясында 1 пайыздық мөлшерлемемен несие алып, тігін ісін бастауға керекті құрал-жабдықтарды сатып алыпты. Осылайша тігіншілік сүйікті ісінен табыс көзі – кәсібіне айналған.

- Қыз жасауын құрайтын топтама бағасы әртүрлі. Ең арзаны 250 мың теңгеден басталады. Оның ішінде зерлеп тігілген, этно нақыштағы құрақ көрпелер көз тартады. Топтама құны қол еңбегіне байланысты құбылады. Әр көрпенің ішіне 4 келі мақта салынады. Бұл – сапасының жақсы болатынына кепілдік береді, - дейді Эльмира Құдайбергенова.

Бүгінде тігін шеберханасында 30 ісмер жұмыс істейді. «Жұмыс жасаймын» сынды бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналасқан жандар да бар. Солардың бірі — Жанар Әжігереева. Ол 3 жылдан бері тігінші болып қызмет етеді.

- Өз жұмысым ұнайды. Құрақ көрпелердің сапасы жоғары, стилі ерекше. Бір күнде 25-30 құрақ бөлшектерін тігемін, -деді Жанар Әжігереева.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер