«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл кәсіпкерлерімен кездесу өтті

2024 жылғы 25 Сәуір
- Маңғыстау облысы
2159 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мустапаев Маңғыстау ауданының бизнес өкілдерімен кездесті.

Аудан кәсіпкерлеріне “Бір ауыл-бір өнім” жобасы арқылы ауыл әйелдеріне кәсіп көзін ашу мүмкіндігі туралы түсіндірілді. 5 млн тг көлемінде грант алу жағдайы да айтылды. “”Атамекен” микроқаржы ұйымы арқылы 14,5% берілетін несие бар. Бүгінгі күнге дейін 8 жыл ішінде кәсіпкерлерге 3,5 млрд несие берілген. Ауылшаруашылығы, балабақша, дәмхана т.б ашылған”, – деп атап өтті ӨКП директорының орынбасары Алтынгүл Наурызбаева.

 

Шараға “Даму” қоры, “Каспий” ӘКК. Аграрлық несие корпорациясы өкілдері де қатысып, өз салалары бойынша жетістіктерді атап өтті. "Мен 5 млн теңгенің грантына бірнеше рет тапсырып қаражатты ұта алмай жүрмін. Бизнес жоспарымнан қате табады. Сол жағынан көмек болса екен. Биыл тағы тапсырып көремін. Ауылда кәсіп ашқым келеді. Грант алсақ, қалғаны жеңілдеу болар еді",- дейді Амалбек Имаш.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Тұранұлы бизнес жоспар дайындап, кәсіп ашуға сүйемелдеуге көмектесетінін айтты. Бұл ӨКП негізгі жұмыстарының бірі. Жиналыс соңында іскерлер сұрақтарына толыққанды жауап берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер