«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«ҚазАзот» «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды

2023 жылғы 12 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
4336 просмотров

Бүгін Астана қаласында «Алтын сапа» Президенттік сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Онда «ҚазАзот» компаниясы ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Қазақстандағы өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын болып танылды.

«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсіміне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «ҚазАзот» АҚ Бас директоры Арман Мәулешевке компанияның ерекше жетістіктерін атап өтіп, марапатты табыс етті.

«Алтын сапа» Президенттік сыйлығы жыл сайын қызмет көрсету мен өндіріс саласында жоғары сапа көрсеткіштеріне ие үздік кәсіпорындарына беріледі. «ҚазАзот» акционерлік қоғамы еліміз бойынша аммиак селитрасы мен аммиакты өндіретін бірден-бір жалғыз кәсіпорын, сондықтан отандық өңдеу өнеркәсібінің құрылымында ерекше орын алады. Компанияның міндеті-аграрлық және тау-кен кешенінің дамуы мен тұрақтылығы үшін бәсекеге қабілетті өнім жасау. Мемлекет басшысы атап өткендей, агроөнеркәсіп кешені елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие сала.

Айта кетейік, «ҚазАзот» компаниясы 2012 жылы президенттік сыйлықтың жеңімпазы атанды. Содан бері кәсіпорында өндірістік цехтарды ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта «ҚазАзот» қолданыстағы өндірісті жаңғыртуға инвестиция салуды жалғастыруда және жаңа аммиак-карбамид кешенінің құрылысын белсенді түрде жоспарлап отыр, бұл зауыттың технологиялық дамуға және өзінің көшбасшылығын нығайтуға тұрақты ұмтылысын айғақтайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер