«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер ӨКП алаңында құрылған туризм комитетінде сала мәселелерін шешетін болады

2022 жылғы 21 Қараша
- Алматы қаласы
9616 просмотров

Оңтүстік астанада бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік органдар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Туризм жөніндегі салалық комитеттің алғашқы отырысы өтті.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков Ұлттық палатаны трансформациялау аясында өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, салалық комитеттер құрылатынын атап өтті. Комитеттердің мақсаты – бизнестен салалық сараптаманы күшейту, салаларды дамыту бағдарламаларын дамыту. Бүгін Алматыда туризм желісі бойынша бірінші салалық комитеттің қызметі басталды. Комитеттерді құру  бастамасы ҰКП-ның Х съезінде қолдау тапты.

   «Мемлекет басшысы туристік инфрақұрылымды дамыту, шетелдік инвесторларды тарту және елдің бүкіл экономикасын дамыту үшін қажетті туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске қосу үшін қажетті жағдайлар жасаудың маңызын ерекше атап өтті. ӨКП алаңында комитет құру туралы бастаманы қыркүйекте бизнес-қоғамдастықпен кездесуде Алматы қаласының әкімі әжен ҰКП Төралқа Төрағасы қолдады. Салалық комитеттерді қалыптастыру бойынша жұмыс бүкіл республика бойынша жүргізіледі», – деп атап өтті «Атамекен»  ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков.

Спикердің айтуынша, қазір Ұлттық палатада шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылып жатыр. Ал Комитет жанынан құрылған өңірлік алаңдар туристік саладағы бизнестің бірлестігі ретінде қызмет етеді. Міндеттерді тиімді іске асыру үшін Палата клиентке бағдарлануға және бизнес мәселелерін шешуге басымдық жасады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен тығыз жұмысты күшейтуді жоспарланған. «Атамекен» бизнес үшін біліктілік пен сараптама орталығына айналады.

 Туризм саласындағы комитет Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жанынан жұмыс істейді. Оның мақсаты – қаладағы туризм саласынң дамуына ықпал ету. Бұдан басқа алаңда салалық даму бағдарламалары, инвестициялық жобалар, әдіснама, өңіраралық және салааралық ынтымақтастық мәселелері, саланың түйткілді мәселелерінің тізілімі талқыланады.

 «Бұл гуманитарлық орган, негізгі жұмысымыздан уақыт дөлуге тура келеді. Бірақ оның жұмысына жұмылуымыз керек. Мен қолданбалы қызмет, практикалық қадамдар үшін дауыс беремін. Комитет отырыстарында қолданалы мәселелер туралы сөйлесейік», – деді Рашида Шайкенова.

Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев сала дамыса табысты қала ғана емес, бүкіл ел алатынын айтты.

 «Жаз кезінде елге келген турист орта есеппен тәулігіне 50 доллар әкеледі, қыста – орта есеппен тәулігіне 250 доллар әкеледі. Туризмді дамыту бізге қаржы ағынын әкелетін бағыт, мұны біз нарықтың кәсіпқойлары ретінде жұмысла іске асыра аламыз», – деді Максим Барышев.

Kaz Alpine club басқарма төрағасы Тимур Дүйсенғалиев бастаманы қолдап, комитет командасы жақын арада іс-шаралар тізбесін ұсынып, жаңа органның жұмыс саясатын қалыптастыруға тиіс екенін атап өтті.

«Біз жұмысқа дайынбыз. Енді ӨКП біздің саламыздың түрлі салаларындағы бизнеспен нақты өзара іс-қимыл механизмін пысықтауы маңызды. Өйткені, біз өз тәжірибемізде уақыт өте келе жұмыс істемейтін ондаған кеңес пен комитеттерді көрдік. Егер бізді шынымен тыңдай бастап, сараптамалық пікіріміздің негізінде заңға тәуелді актілерге өзгерістер енгізе бастаса, онда біз нақыт жұмыс істей бастаймыз», – деп атап өтті спикер.

Қазақстан қолөнершілері одағының төрайымы Айжан Бекқұлова туризм саласындағы қолөнершіліктің үлкен рөлін атап өтіп, қолөнерді кәдесыйлар өндіру орталығы ретінде емес, саланың өзін-өзі қамтамасыз ететін бағыт ретінде қарауға шақырды.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Комитет жұмысының тұжырымдамасын ұсынды.

«Қалада этнотуризмнен бастап іскерлік форумдар мен көрмелерге дейін ауқымды сала ұсынылған. Сонымен қатар, саланы одан әрі дамыту үшін бірлесе шешу қажет көптеген мәселе бар. Комитет жұмысы қалада туризм саласын дамытуда зор маңызға ие», – деп атап өтті Айтуар Қошмамбетов.

Комитеттің келесі отырысында барлық тараптың қатысуымен жұмыс жоспары бекітіледі. Кәсіпкерлер комитеттің тұрақты жұмысы ҚР туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жақсартуға көмектесетініне сенімді. Бағдарлама  елдің ЖІӨ-дегі туризм үлесін 2025 жылға қарай 8%-ға дейін жеткізуі тиіс.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер