«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Маңғыстаудың Іскер әйелдер кеңесі тоқыма кластерін құру жобасын ұсынды

2022 жылғы 02 Наурыз
- Маңғыстау облысы
9130 просмотров

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында тоқыма саласын дамыту мәселесі жөніндегі жиын өтті.

Оған «Ақтау теңіз порты» АЭА АҚ басқармасының төрағасы Асхат Қабашев, өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова және өңірдің іскер әйелдер кеңесінің басқа да өкілдері қатысты.

Жиын барысында өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова тоқыма кластерінің жаңа жобасын таныстырды.

- Маңғыстауда әйел адамның дені тігумен айналысатыны белгілі. Бұл үрдіс ежелден қалыптасқан. Олардың көбі киім немесе төсек-орын тігу шеберханаларын ашқан. Сондай-ақ, бірқатар ірі және шағын цехтар іске қосылды. Бұдан бөлек ісмер әйелдер өндірісті ұлғайтып, түрлі сән көрсетілімге арналған нысандар  ашып, отандық нарыққа шығады. Жергілікті тұрғындардың осы аталған жетістіктеріне сүйене отырып, жұмыссыз әйелдерді қолдау мақсатында Маңғыстауда тоқыма кластерін құру қажет, - деді Сәуле Салихова. 

Жиын соңында облыс әкімі бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, жаңа бағытты облыстың барлық қаласы мен ауданында дамыту бойынша жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер