«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірқатар қызметкер марапатталды

2021 жылғы 15 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
6005 просмотров

Экономиканы және жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы Өңірлік кеңесінің төрағасы Еділ Жаңбыршинге III дәрежелі «Адал еңбегі үшін» медалі табыс етілді.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов бірнеше кәсіпкерге мемлекет наградалар мен Ұлттық палатаның марапаттарын тапсырды.

«Қазақстан экономикасының нығаюына сүбелі үлес қосып, күні-түні еңбек етіп жүрген бүкіл кәсіпкер қауымды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қиындықтарды жеңіп, бизнесіңіз дамып, шығындарыңыз аз болсын. Дендеріңіз сау, отбасыңыз аман болғай», – деп тілек айтты Еділ Жаңбыршин.

Дәл осындай марапаттау шарасы өңірлерде де жалғасты. Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашид Мұстапаев орталықтан келген арнайы құттықтауды жеткізді.

Тәуелсіздік мерекесіне орай, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының III дәрежелі «Адал еңбегі үшін» медалі ӨКП директорының орынбасары Аққу Айтжановаға табысталды. Қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Аманат Махмұтовқа «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі мен «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің атынан Құрмет грамотасы табыс етілді. Сондай-ақ, баспасөз хатшысы Жазира Әбіл Құрмет грамотасымен  және Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Бауыржан Сариев пен 1-санаттағы маман Көркем Түлесенова Алғыс хатпен марапатталды.  

«Бұл марапат «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының беделді ұйым ретінде дамуына атсалысқандарыңыз үшін берілді. Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы еліміздегі филиалдар арасынан көптеген көрсеткіш бойынша алдыңғы орынға тұрақтады. Мұнда ұжымның еңбегі ерен екенін ерекше атап өткім келеді. Жетістіктер алда да жалғаса берсін», – деп құттықтады Рашит Мұстапаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер