«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтау қаласында  «Бизнес алаң» іс-шарасы өтті

2021 жылғы 25 Маусым
- Маңғыстау облысы
5670 просмотров

Бүгін Ақтау қаласында  «Бизнес алаң» іс-шарасы өтті. Мақсат- өңір кәсіпкерлерінің өзара іс-қимылы және іскерлік байланыстар орнату үшін бірыңғай алаң ұйымдастыру. Оған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, "Бастау бизнес" жобасының түлектері мен қатысушылары, Өңірлік кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтардың мүшелері, өңірде кәчсібін өркендеткен және ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер қатысты.

Шараны Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы мен Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Жұмыссыздар, көп балалылар, әлеуметтік жағдайы нашар болғандар кәсіп ашып, өз нандарын өздері тауып жеуді үйренді. Оған куә жәрмеңкеге өз өнімін қойғандар. Маңғыстаудың түпкір-түпкірінен 60-тан астам іскер кәсібінің нәсібін көріп отырғанын айғақтады. Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шара жоғары деңгейде өтті. Оған тамақ, киім, халық тұтынатын тауарлар қойылды. Шараға қатысқан кәсіпкерлерге білдікті іскерлер шеберлік сағатын өткізді. Бұл іс шараға ҚР Президенті жанындағы отбасы-демографиялық саясат және әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Лаззат Рамазанова арнайы қатысып, бизнес өкілдерінің жұмысына тәнті болды. Ұлттық бренд қалыптастыру қажет. Сонда ғана кәсіпкерлік бәсекелестікке төтеп бере алады деді ол. 

Алдымен «Маңғыстауда бизнесті қалай құруға болады?» тақырыбында спикерлер сөз сөйлеп, аймақтың тәжірибелі және жаңадан бастаған кәсіпкерлеріне B2B кездесулері ретінде арнайы бағдарламамен өтті. Сонан соң жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда кәсіпкерлер әлеуетті серіктестер мен халыққа өз тауарларын/қызметтерін ұсына алды.

Іс-шараға 200-ге жуық адам қатысты, олардың арасында танымал кәсіпкерлер де, жаңадан бастаған кәсіпкерлер мен стартаперлер де болды. Жиналғандар алдында танымал жергілікті бизнесмендер сөз сөйледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның мақсаты бизнесмендер табыс жолын, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлермен бөлісіп, тәжірибесін шыңдай алатын алаң құру.

Келушілерде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік туды.

Жәрмеңкеге қатысушылар - 50 адам («Бизнес бастау», БЖК түлектері, Қауымдастық мүшелері).

«Маңғыстауда бизнесті қалай құруға болады» тақырыбындағы форумның спикерлері:

1) Мұратбай Гүлжанат

2) Шалқарова Айбала

3) Бибаев Асқар

4) Жекенова Әсел

5) Мұстафин Қуаныш

Бизнес-идеялар питчингі спикері Хасанов К. 8 жоба:

1. Косметикаға арналған комод, бесік, сандықтар жасау.

2. Агрозертхана, агродүкен, үй гүлдерін өсіру.

3. Мөлдір торлар

4. «Маусымжан» ательесі

5. Қол-өнер шебері «Handmade от Миры»

6. Туризм саласындағы демалысты ұйымдастыру, «Этно-ауыл» жобасы

7. Дайын қуырдақ

8. Қыздар мен әйелдерге арналған қолдан тоқылған орамалдар

9. Арнайы киім тігу

10. Данекерлеу

Шеберлік сағатын «Маңғыстау облысының қолөнершілер одағы» қауымдастығының төрайымы Сағынаева Әуес жүн мен моншақтардан бұйымдар жасау бойынша өткізді.

Сондай-ақ, шеберлік сабағын «Қарақия кәсіптік колледжі» МКК қолөнер шебері К.Асарбаев та жүргізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер