Балабақшаларда мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту жайы талқыланды
МО кәсіпкерлер палатасы алаңында Маңғыстау облысы әкімдігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының жобасы талқылау жөніндегі отырысы өтті.
Жиынға Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары - Н.Калишева , Маңғыстау облыстық әділет басқармасының өкілі - Ж.Алжанова , ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі - Г.Кубашева , ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі - Г.Мухтарова , Маңғыстау облысының білім басқармасының өкілі - К.Сәрсенова , Ақтау қаласы білім бөлімінің өкілі - К.Садуова , Қарақия аудандық білім бөлімінің өкілі - М.Изтурганова, Жаңаөзен қаласы білім басқармасының өкілі - Ж.Жантемірова , Түпқараған ауданы білім бөлімінің өкілі - З.Аманова , «Маңғыстау облысының жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдары» қауымдастығының басшысы - Т.Болатбаева , «Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің Ақтау қаласы бойынша филиалының басшысы - Ж.Нурмагамбетова , Қала және аудандардағы мектепке дейінгі ұйымдардың директорлары мен өкілдері , Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының 1-ші санаттағы сарапшысы - Б.Иманғали қатысты.
Отырыста Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Н.Калишева ашып, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына сарапта қорытынды алу үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының жобасы келіп түскенін, оны жан-жақты қарап, кеңінен талқылау мақсатында мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтар өкілдерін дөңгелек үстелге шақыртылғанын түсіндіріп, қаулы жобасының жұмыс органы – облыстық білім басқармасының өкілі К.Сәрсеноваға сөз кезегін берді.
К.Сәрсенова, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы республика бойынша бірдей мөлшерде бекітілгенін, ал ата-ана төлемақысының мөлшері қалалық, аудандық статистика басқармаларымен белгіленген азық-түліктердің бағасына сәйкес есептеліп, бекітілетінін түсіндірді.
Статистика саласының мамандары қаладағы ірі сауда орындарындағы азық-түлік бағаларының орташа есебін белгілейтінін және ол өзгертіліп тұратынын хабарлады.
Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Н.Калишева аталған қаулы жобасында бекітілген мөлшерлер нақты 2021 жылға екендігі көрсетілу қажеттігін, сондай ата-ана төлемақысының мөлшері кейбір аудандарда өте төмен белгіленіп отырғанын айтып, мектепке дейінгі ұымдардың өкілдеріне сөз берді.
Балабақша басшылары облыс бойынша ата-ана төлемақысының мөлшерін бірдей бағада белгілеу қажеттігін, сондай статистика департаментінің өкілдері айтып өткендей, азық-түліктің бағасының тұрақсыз болуына байланысты, өлшем бірлікті АЕК-пен көрсетуді ұсынды. Оған қоса, қаулыны 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуін талап етті.
К.Сәрсенова, ата-ана төлемақысының мөлшерін бірдей қылы немесе көтеру үшін бірқатар кедергілер туындап отырғанын, кейбір аудандарда оның мөлшерін көтерген жағдайда, ата-аналардың тарапынан наразылықтар туындап, балабақшаларға барушы балалар саны азайып кетуі мүмкіндігін түсіндірді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының хатына сәйкес былтырғы бекітілген мөлшерден 5 пайыздан асыра алмайтынын хабарлады.
Ж.Алжанова, бүгінгі таңда қаулы жобасы әділет департаментіне келіп түспегенін, яғни Кәсіпкерлер палатасынан оң сараптама қорытынды алған соң жұмысшы орган әділет департаментіне қаулы жобасын мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін жолдайтынын, одан соң кәсіпкерлердің жиында көтерген мәселелері ескертіліп, мәселенің тез арада шешілу үшін тиісті шаралар атқаратынын мәлімдеді.
Жиынның қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескеріп, қаулы жобасына тиісті өзгерістер енгізіп, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына сараптама қорытынды алу үшін қайта жолдау ұсынылды , Кәсіпкерлердің жиындағы ата-ана төлемақысының мөлшерін бірдей бағада белгілеу бойынша және өлшем бірлікті АЕК-пен көрсету жөніндегі ұсыныстарын ескеріп, оларды іске асыру үшін тиісті шаралар атқару ұсынылды , Маңғыстау облысының әділет департаментіне Маңғыстау облысы әкімдігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысын мүмкіндігіне қарай аз уақыт ішінде мемлекеттік тіркеуге ықпал ету ұсынылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: