«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жергілікті қамтуды бақылау

2021 жылғы 02 Сәуір
- Маңғыстау облысы
8251 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. Орынбасаровтың төрағалығымен Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясының отырысы өтті. Оған Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Р. Мұстапаев, Инвестиция және туризмды дамыту басқармасы басшысының орынбасарының м.а. А. Бегиева, Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Б. Жандаев т.б қатысты.

Басқосуда мына мәселелер қаралады:

1. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы салалары бойынша, мемлекеттік сатып алуындағы жергілікті қамту үлесінің 2021 жылғы көрсеткіштерін қарастыру.

2. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы әкімдігінің мемлекеттік сатып алуындағы жергілікті қамту үлесі бойынша 2020 жылғы қорытындысы және 2021 жылғы жоспарын қарастыру. Инфрақұрылымдық жобалардағы жергілікті қамту үлесі, ҚМЖ.

ӨКП директоры Рашит Мұстапаевтың айтуынша, Мұнайлы ауданының әкімі өткізілетін Мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамтудың төмен үлесіне байланысты химия және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі салаларындағы «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде жергілікті қамту үлесінің көрсеткіштерін ұлғайту бойынша жұмысты күшейтуі қажет.  Маңғыстау облысының Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы мен өңірлік Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясының отырыстарын жүйелі түрде өткізіп отыруы шарт. 

"Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылығы әр айдың 20-күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу басқармасына жеңіл, жиһаз, тамақ, целлюлоза-қағаз, фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, химия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерін сатып алу туралы (жоспар, факт, ЖҚҮ, тапсырыс берушілердің, өнім берушілердің атаулары және т.б.) жаңа  белгіленген нысан бойынша ай сайынғы есеп беруі керек. Мемлекеттік сатып алу басқармасы жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі жұмыс комиссиясының қарауына өзекті мәселелер шығару үшін басқармалар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамтудың төмен көрсеткіштерін анықтау мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде мемлекеттік сатып алу бойынша талдау жасауды тапсырамын",- деді. Б. Орынбасаров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер