«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

МАҢҒЫСТАУДА 3 АЙДА 26 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

2021 жылғы 01 Сәуір
- Маңғыстау облысы
5548 просмотров

Маңғыстауда 2021 жылдың 3 айында Өңірлік кәсіпкерлер палатасындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөліміне 67 өтініш түскен. Оның ішінде бизнесті қорғау бағыты бойынша32 өтініш келіп, 26-ы толық қорғалды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Асылбек Жарылғасов мәлім етті.

«Облыс кәсіпкерлерінен жиі түсетін сұрақтардың бірі сатып алу, жер мәселелері, салық салу, берешекті өндіріп алу. Палатаның қолдауымен кәсіпкерлердің құқықтары жалпы сомасы 28 млн. 439 мың теңгеге қорғалды. Сондай-ақ биыл Облыстық Кәсіпкерлер Палатасының өңірлік мәселелер реестріне Республикалық маңызы 5 мәселені енгізді. Олар Таушық ауылындағы "Таушық-8" кен орнында құрылыс тасын өндіру үшін жер учаскесін ресімдеу, бизнес субъектілерінің авариялық бронь алуына субсидия бөлу, «Саламатты ел» қоғамдық қоры жұмысы, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ тарифтері» және төленген салықтар көрсеткіші»,-деді Асылбек Жарылғасов.

Сондай-ақ биыл кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес 5 рет отырыс өткізді.

«Олар мемлекеттік мүлікті пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бойынша аударымдарды алу мәселесі, субсидия алмауға байланысты шағымдар, жүрмелі жәрмеңкелердің жұмысының тоқтатылуы, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, «Бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» сеілді бәрнеше мәселе қаралды. Кеңес отырысында қабылданған шешімдер мен ұсынымдар кәсіпкерлік қызмет үшін

әр түрлі мәселелер мен әкімшілік кедергілерді шешуге мүмкіндік берді»,-деді Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Әмірғали Жанаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер