«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша мобильді топ құрылды

2021 жылғы 01 Наурыз
- Маңғыстау облысы
5720 просмотров

Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілеріне жедел ден қою мақсатында:

1. Мынадай құрамда кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерінің дереу жолын кесу үшін мобильді топ мүшелері:

Бердібеков Бауыржан Сәкенұлы – Маңғыстау көлік прокуроры, топ жетекшісі (тел. 8-701-522-2406);

Қыстаубаев Ербол Жалғасбайұлы - Маңғыстау көлік прокуратурасының аға прокуроры, топ басшысының орынбасары (тел. 8-701-559-59-19);

Ходжаев Берік Мавладинович - Маңғыстау көлік прокуратурасының аға прокуроры (тел. 8-701-088-58-88);

Өтегенова Махаббат Мақсатқызы - ҚР БП ҚСжАЕК РТУ Маңғыстау облысы бойынша инспекторы (тел. 8-778-050-31-91);

Жарылғасов Асылбек Қуанбайұлы - Маңғыстау облысы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы (тел. 8-708-161-08-61).

2. Мобильді топ мүшелері:

- кәсіпкерлердің (соның ішінде сенім телефондарына) мемлекеттік органдардың лауазымды мемлекеттік тұлғалары тарапынан олардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері туралы өтініштері мен арыздары келіп түскен кезде, тексерулерді жергілікті жерге барып жүргізіледі.

- негізсіз тексерулер жүргізу, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактілері анықталған жағдайда, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша дереу шаралар қабылданады.

3. Топ басшысының орынбасарына:

- кәсіпкерлер құқықтарының бұзылуының әрбір фактісіне уақтылы ден қоюды қамтамасыз ете отырып, оның қызметін үйлестіру;

- ай сайын мобильді топтың жұмысына талдау жасалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер