«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер құқығы қорғалды

2021 жылғы 29 Наурыз
- Маңғыстау облысы
5088 просмотров

Бүгін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасына қарасты Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің төрағасы Жанаев Әмірғали Зинешұлы іскерлерді қабылдады.

Жеке кәсіпкер Тамара Қарақия ауданында орналасқан кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесінің эскиздік жобасын бекіту кезінде кедергілер орын алғандығын мәлімдеп, көмек сұрап жүгінді.

Нақты айтқанда, кәсіпкер аукцион арқылы жанар-жағармай құю бекетіне жер учаскесін сатып алған. Бүгінгі таңда ол жерге газ құю бекетін салуды жоспарлаған. Алайда, құрылыс жұмыстарын бастау кезінде, әкімдік эскиздік жобаны бекітуден бас тартқанын мәлімдеді.

Кеңес төрағасы әкімдікті ресми бас тарту туралы құжатын әкелуін, одан кейін құжаттармен толық танысып, кәсіпкердің мәселесін шешу үшін тиісті шаралар атқаратынын айтты.

Одан бөлек, жеке кәсіпкер Г.Суекова балабақшаларға қатысты мәселелер қозғап, қолданыстағы заң аясында кеңес алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер