«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші туралы кеңес беру және түсіндіру

2021 жылғы 25 Наурыз
- Маңғыстау облысы
6436 просмотров

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінде «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші туралы кеңес беру және түсіндіру» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Семинарға «ҚР ҚМ МКК Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы», «Атамекен» Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты.

Семинар барысында экономикалық қызмет түрлерін (ЭҚЖЖ) қате беру жағдайлары жиілеп кетуіне байланысты мәселелер талқыланды және экономикалық қызмет түрлері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер