«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БЕЙНЕУЛІК ТҰРҒЫН БЫЛҒАРЫДАН АЯҚ КИІМ ТІГУ КӘСІБІН БАСТАДЫ

2021 жылғы 15 Наурыз
- Маңғыстау облысы
5517 просмотров

Бейнеу ауылының тұрғыны Ғалымжан Лепесов сиыр мен қой терісін өңдеп, дайын болған былғарыдан аяқ киім тігеді. Ісмер бұл кәсіпке бала кезден машықтанған. Бұл туралы Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Алғашында темірден, ағаштан әртүрлі пішімдер әзірлей жүріп, тұрмыстық бұйымдар, үй жабдықтарын жасайды. Бүгінде ол етік тігу ісін бастады.

«Қазіргі уақытта тек ерлерге арналған аяқ киім тігіп жатырмын. Алдымен тапсырыс берушінің өлшемін алып, дайын болу уақытын келісіп аламын. Кейін керекті материалдарды дайындап, аяқ киім жасауға кірісемін. Шағын ғана цехымда арнайы құрылғыларым бар. Тұтынушының көңілінен шығып, ойындағыдай етіп жасауға бар күшімді саламын. Алдағы уақытта шағын цехты кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар арқылы одан әрі дамытып кеңейту жоспарда бар»,-деді Ғалымжан Лепесов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер