«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ШАРУАЛАРҒА СУБСИДИЯ БӨЛУ МӘСЕЛЕСІ

2021 жылғы 04 Наурыз
- Маңғыстау облысы
6815 просмотров

Бүгін "Атамекен" ҰКП  Жаңаөзен қалалық филиалында Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Нақуұлы келіп Жаңаөзен қаласы шаруа қожалығының иелеріне мал шаруашылығын субсидиялау және ауыл шаруашылығын қолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Шаруалар өздерін толғандырған бірқатар сұрақтарға тұщымды жауап алды. Мәселен, шаруа қожалықтарының жер көлеміне қарай /500 гектардан жоғары/субсидия беріледі деп түсініп жүргендер, талаптың мүлдем басқа екенін түсінді. Асыл тұқымды жануарларды арнайы электронды базаға тіреу міндетті. Олай болмаған жағдайда субсидия алу мүмкіндігінен қағылатыны айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер