«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

МЕДИЦИНАЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

2021 жылғы 01 Наурыз
- Маңғыстау облысы
4492 просмотров

Мұнайлы ауданы кәсіпкерлер палатасының жанындағы Өңірлік кеңес төрағасы, жеке кәсіпкер Абилов Нұрберген көптен бері жоспарлаған «Көңілімқос» медициналық орталығын ауруханаға бейімдеп, қайта ашты. Енді ауыл тұрғындарының осы ауруханадан ем-дом алуға толық мүмкіндігі бар. Онда жүрек-қан тамырлары, өкпе-тыныш алу мүшелері, бүйрек, асқазан, өт жолдары, ұйқы безі, бауыр, жүйке жүйесі тағы сол сияқты терапиялық науқастар қабылданады. Медициналық орталық басшысы: "Қабылдау тәртібінің келесідей: учаскелік дәрігеріңіз белгілі мөлшерде зерттеулер жасап, жолдамамен «Көңілімқос» емханасының дәрігеріне бағыттайды және күндізгі стационарда тегін ем-дом алатынын хабарлайды. Сонымен қатар, астыңғы қабаттағы зертханада биохимиялық, гемотологиялық зерттеулер жүзеге асырылады. Ультрадыбыстық құралдармен ішкі құрылыстары, гинекологиялық зерттеулер жасалады.

Қазіргі медициналық орталықта 20 төсектік тәуліктік стационар және 10 төсектік күндізгі стационар жұмысын бастады. Аталған медициналық орталықта жоғарғы санатты дәрігер, кардиолог Шопанов М.Б., дәрігер терапевт Хусаинова А.С., эндоскопиялық дәрігер Абилов Н.К. қабылдау жүргізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер