«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңаөзен кәсіпкерлеріне "Ашық есік" күні өтті

2021 жылғы 25 Ақпан
- Маңғыстау облысы
5362 просмотров

Бүгін МО кәсіпкерлер палатасы Жаңаөзен қалалық филиалының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшылары, Ауылшаруашылығы басқармасының жетекшілері, "Атамекен" МҚҰ ЖШС өкілдері,"Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры" мамандары, "Аграрлық несие корпорациясы" , "Даму" қоры және "Халық банкінің" несие мамандарымен бірлескен "Ашық есік" күні өтті. Онда Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлері мен тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалардың қыр-сыры түсіндіріліп, несие шарттары ұғындырылды. Карантин кезде кәсіпті тоқыратпай, өркендету жолдары айтылды. "Ашық есік" күні бүгін сағат 17-00 ге дейін жалғасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер