Көліктік тасымалдау саласында қызметті ұсыну шарттары мен тәртібі талқыланды.
Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында ӨКП директоы Рашит Мұстапаев,, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Әмірғали Жанаев, директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Н. М. Калишеваның және Маңғыстау облысы кәсіпкерлерінің қатысуымен көліктік тасымалдау саласындағы уәкілетті органдар көрсететін 12 мемлекеттік қызметті ұсыну шарттары мен тәртібі талқыланды.
Семинар-кеңестің спикерлері Маңғыстау облысының көліктік бақылау инспекциясы директорының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкілетті өкіл - Ж. А. Баспыбаев, мемлекеттік қызметтер және ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімінің басшысы – К. Т. Құлжанов, теміржол көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы –К. М. Аяпов, автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы – И. Ж. Урисбаев, теміржол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы-С. К. Көшекбай болды.
Маңғыстау облысының жеке кәсіпкерлері мен заңды тұлғаларының өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға, соның ішінде рұқсат құжаттарын алу тәртібі мен шарттары, түрлі мемлекеттік қызметтерді алуға арналған өтінімдерді қарау мерзімдері туралы жауаптар алды.
Сондай-ақ, 60-55-50, 60-95-82, 60-55-56 байланыс нөмірлері бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаңында көліктік бақылау өкілдері кәсіпкерлердің өздеріне ведомстволық бағынысты өтініштерін қарауға дайын екендігі туралы атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: