Маңғыстау облысы мен Хормозган провинциясының кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді
Бүгін Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасының Хормозган провинциясы арасындағы Инвестиция және бизнес саласындағы мүмкіндіктері бойынша онлайн кездесуі өтті.
Оған өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев, Инвестициялар және туризм басқарма басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадіров, ҚР Бендер-Аббас қаласындағы консулдық басшысы Нысан Дәлеталы, Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы, Басндар-Аббастың Сауда өнеркәсіп, шахта және ауыл шаруашылығы палатасының төрағысы Мұхаммед Реза Сафа, Хормозган провинциясының су өндірушілері мен экспорттаушылары одағының төрағасы Мехрдад Базарган, көлік және логистика комиссиясының төрағасы Мехран Неджати қатысып, сөз сөйледі.
Басқосуда Иран Ислам Республикасы өздерінің қандай өнімдер шығара алатындығын көпшілік назарына ұсынды, бизнестің дамыған салаларына тоқталып өтті.Тараптар бірігіп кәсіпкерлікті дамытуға ынталы.Жиын соңында екі жақ хат алмасып өзара ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: