Маңғыстауда сұлулық индустриясы кәсіпорындарының жаңа қауымдастығы құрылды
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы жанынан тағы бір қауымдастық құрылды. «Сұлулық индустриясы кәсіпорындары қауымдастығының» құрамына 30 әйел кәсіпкер енді. Алда олардың қатары толыға түспек. Ассоциация төрайымы – белгілі бизнес өкілі Яна Басанец. Ассоциация құру идеясы- Маңғыстау облысының Іскер әйелдер кеңесіне тиесілі
«Бұл салада әйелдердің көпшілігі жұмыс істейді, шамамен 90%. Пандемия бізге де басқа салалар сияқты қиын әсер етті. Егер бұрын көптеген кәсіпкерлер қауымдастық құруға күмәнданса, қазір барлығы бірігіп, тек осы жағдайда ғана мықты болатындығымызды және мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелерде өз мүдделерімізді білдіре алатынымызды түсінді. Себебі пандемия кезінде бізге өте ауыр болды. Әрбір жеке кәсіпкер, ЖШС иелері дауысымызды, айтар сөзімізді тыңдатқымыз келеді. Біздің салада көптеген шығындар, қиындықтар болды. Сондықтан қаңтар айында біз қауымдастықты ресми түрде тіркеуге шешім қабылдадық", - деді Яна Басанец.
Қауымдастықты құрудағы мақсат- кәсіпкер әйелдердің басын біріктіру, олардың мүдделері мен ұсыныстарын мемлекеттік органдар мен «Атамекен» Ұлттық «әсіпкерлер палатасына ұсыну.
«Біз бірнеше сегменттерді біріктіреміз. Бұл сұлулық индустриясының премиум, бизнес, эконом, орта деңгейдегі ұйымдары. Біз талапты көтеруге күш саламыз. Біздің барлық жоспарларымыз кәсіпкерлерге, олардың бизнес саласындағы білім деңгейін арттыруға, әйелдер бизнесін қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға және іске асыруға көбірек мүмкіндігі болуы үшін кәсіби саладағы білім деңгейін арттыруға көмектесуге негізделген», - деп атап өтті Яна Басанец.
«Бұл кәсіпкерлер палатасы жанындағы сегізінші қауымдастық. Олар бизнестің әртүрлі салаларын қамтиды және сапалы жұмыс істейді. Жаңадан құрылған қауымдастық сұлулық индустриясы мәселесін қозғап, жұртшылық пен биліктің назарын аударады деп үміттенеміз», - дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: