«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СТ-КZ нысанындағы 38 сертификат рәсімделді

2021 жылғы 05 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4998 просмотров

CT-KZ тауарларының шығу тегі сертификаттарын алу ережелерін түсіндіру, сондай-ақ CT-KZ сертификаттарын алу кезінде кәсіпкерлерде туындайтын проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер Палатасы жиналыс өткізді.

2020 ж. кәсіпкерлерден тауарлардың шығу тегі сертификаттарын беруге 588 өтінім келіп түсті, оның ішінде 452 - ге сертификаттар ресімделді, 72-ден бас тарту ресімделді, 64 өтінім өтініш берушімен кері қайтарылды. Берілген сертификаттар саны 2019 жылмен салыстырғанда 7% - ға төмендеді. Төмендеу карантиндік шараларға байланысты көптеген тендерлік сатып алулардың тоқтатылуына байланысты.

Бүгінгі кеңесте ӨКП мамандары сертификаттар алу механизмі, сондай-ақ ережелердегі өзгерістер туралы қысқаша айтып берді. Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасында қаңтар айында сертификаттау бөлімімен ішкі өтініш бойынша СТ-КZ нысанындағы 38 сертификат рәсімделді, оның ішінде:

19 машина жасау саласы.

7 химия саласы

2 Мұнай-газ өнеркәсібі

4 құрылыс саласы

4 тамақ саласы

1 жеңіл өнеркәсіп.

Сондай-ақ 348 сертификат экспорттық мақсатта рәсімделді. Оның ішінде:

2 құрылыс саласы (Түрікменстан, Өзбекстан)

3 тамақ саласы (Ресей Федерациясы, Иран, Түрікменстан)

2 Машина жасау саласы (Ресей Федерациясы, Египет)

30 мұнай-газ өнеркәсібі (Швейцария, Сингапур)

311 химия саласы (Украина)

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер