«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Микроқаржылық қызметті лицензиялау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті

2021 жылғы 21 Қаңтар
- Маңғыстау облысы
2781 просмотров

ӨКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің бастамасымен 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енген ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, микроқаржылық қызметті лицензиялау мәселелері бойынша оқыту семинары өтті. Отырыс барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Нұртас Машанов және Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Надия Калишева сөз сөйледі.

Шағын бизнес субъектілерінің лицензия алу шарттары, тәртібі мен мерзімі, микроқаржы ұйымдарына, ломбардтарға қойылатын біліктілік талаптары талқыланды. Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кездесу нәтижесінде семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық ақпарат алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер