«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

АҚТАУДА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР ЖАБЫЛЫП ҚАЛДЫ

2021 жылғы 13 Қаңтар
- Маңғыстау облысы
1471 просмотров

Ақтауда әлеуметтік дүкендер жабылып қалды. 6 жыл  бұрын «Каспий- Берекет» деп аталған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрылып, жергілікті тұрғындарға бірінші кезекте қажетті тамақтарды төмен бағамен алу үшін қаланың барлық шағын аудандарынан сауда нүктелерін ашқан еді. Қазір аталмыш мекеме «Каспий» ӘКК АҚ болып қайта құрылып, әлеуметтік дүкендерді тамақпен қамтамасыз ету қызметін тоқтатты.

"Арзан еді бағасы. Содан кейін жабылды. Жұмысқа осы жерден өтемін ылғи жабық тұрады. Мен әлеуметтік дүкеннен тамақ алатынмын.  Ұн, күріш, тамақ алатынбыз. Неге жабылды екен?" деп таңданды Ақтау қаласының тұрғыны Жанар Масугутова.

 Қазір 20-дан астам шағын дүкендер жалға берілген. Бірақ жалға алушыларды шектік бағадан асырмау қажет деген талап қанағаттандырмай, кері жауып жатыр. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация тек ірі гипермаркеттерге арнап әлеуметтік тамақтың 19 түрінің қорын жасақтауға міндетті.

"СПК «Каспийдің» ондай құзыреті жоқ. Өңірдегі азық-түліктің 19 түрін болмай қалмауын қадағалау керек. Әлеуметьтік дүкендер ашу мақсаты жоқ. Бізбен меморандум жасады екі дүкен Ақтау мен Шетпеде біздің тамақты арзан бағада сатуға",- деп түсіндірді "Каспий" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы Абзал Меңдібаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер