«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ БИЗНЕСКЕ ТИГІЗГЕН ШАРАПАТЫ

2021 жылғы 14 Қаңтар
- Маңғыстау облысы
4821 просмотров

Бүгін Маңғыстау облысы коммуникация орталығында «Мемлекеттік бағдарламалардың бизнеске тигізген шарапаты» тақырыбында брифинг өтті. Оған Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әлия Акинова мен «Атамекен» микроқаржы ұйымының директоры Ботагөз Сынабаева қатысты.

««Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері жеңілдікпен несие беру бойынша Маңғыстау облысында жалпы сомасы 87 млрд тг 107 жоба қатысуда. 750 жұмыс орны құрылды. Оның дені туризм, тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау т.б салалар. Жобаның ең көбі Ақтау қаласы, Мұнайлы мен Түпқараған аудандарында жүзеге асуда.

Екінші деңгейлі банктер қарауында 410 млн. теңге сомасына 2 жоба бар. Бағдарламаны іске асыру сәтінен бастап «Даму» қоры жалпы сомасы 13 951,6 млн. теңгеге аталмыш бағдарлама бойынша қатысатын 46 жобаның шарттарына қол қойылды, оның ішінде 32 жоба бойынша 12 676,1 млн. теңгеге субсидиялау мақұлданды»,- дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әлия Акинова.

2020 жылдың 11 айында бизнесті сервистік қолдау шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 1,5 мың, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 4 мыңнан астам қызмет көрсетілді. «Бизнес-мектеп» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне 469 адам оқытылды.

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы- 2025» бағдарламасы аясында келесі компоненттер бойынша оқыту жүргізілді: Іскерлік байланыстар-5, Аға сеньорлар-3. Осының көмегімен қазір  2,8 млрд.теңгеге 67 жоба іске асырылып, 490 жұмыс орны ашылды.

«Бастау» жобасы бойынша өңірдің 990 жұмыссыз тұрғыны бизнесті үйренуге оқытылды. Пандемия кезеңінде жоспарды орындау мақсатында оқыту онлайн режимінде жүргізілді. Жыл басында республикалық бюджет шеңберінде оқыту жоспары 990 адамды құрады, ол 100% - ға орындалды. Оқытылған 632 жобаның 699,18 млн.теңгеге қаржыландырылды.

«Атамекен» Микроқаржы ұйымы 2016 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы және Маңғыстау облысының Қаржы Басқармасының үлесімен ашылған мекеме, барлық 100% үлес соммасы 588 236,0 тенгені құрайды.

«4 жылдан аса уақыт ішінде микроқаржы ұйымы 2 млрд 476 млн.теңгеге 456 жобаны қаржыландырды. 770 жұмыс орны ашылды. Соның ішінде 2020 жылға микроқаржы ұйымы 267 969 млн. теңгеге 51 жобаны қаржыландырылды. 60 кәсіп ашылды. 2020 жылы наурыз айынан  қазанға дейін 118 кәсіпкерге карантинге байланысты шаралар мен уақытша шектеулерді енгізу себебінен уакытында несиесін төлеуге қиындық туындаған кәсіпкерлерге төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Оның көлемі-40 903 млн.теңгені құрады»,- деп атап өтті МҚҰ директоры Ботагөз Сынабаева.

        2021 жылға арналған несие көлемі микроқаржы ұйымының айналымда жүрген қаражаты есебінен жылына 200 млн.теңге деңгейінде болады және  Аграрлық Несие Корпорациясы арқылы түсетін қаражат 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 200 млн.теңге мөлшерінде қаржы алу қарастырылуда.

Толықтай ақпарат қажет болса және сұрақтарыныз туындаған жағдайда, Ақтау қаласы, 35 ш.а., №2 ғимарат Кәсіпкерлер палатасы, 214 кабинетке жолығуынызға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер