«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қос қуаныш. Қос жүлдегер

2020 жылғы 12 Желтоқсан
- Маңғыстау облысы
2945 просмотров

Отандық бизнес саласында  «АруАна» бизнесте танылу» сыйлығының алғашқы Гран-приі Маңғыстау облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салихова Сәуле Халелқызына берілді

Марапатты табыстау  ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімінде ҚР Президенті Қ. Тоқаев, Премьер-министр А. Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Т. Құлыбаевтың қатысуымен өтті.

Биыл елімізде алғаш рет кәсіпкер әйелдерге арналған «АруАна» бизнесте танылу» атты ұлттық жүлде тағайындалды. Мақсат – әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыру, әйелдерді бизнес-жетілдіруде, олардың қоғамдық белсенділігін қолдау.

Сыйлық белсенді азаматтық ұстанымы бар, өңірді және елді дамытуға өзінің жеке үлесін қосатын, кәсіпкерлікті дамытуда жоғары нәтижелер көрсеткен және бұл ретте өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін кәсіпкер әйелдерге, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігі тиімділігінің үздік оң тәжірибесін анықтап, танымал еткені және «жеке бренд» құруда кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсеткені үшін, тәлімгерлікті тарату үшін әлеуеті үлкен және «жеке бренді» бар кәсіпкер әйелдер қоғамдастығын қалыптастырғаны үшін беріледі.

Маңғыстау облысы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Халелқызының өңіріміздегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту ісіндегі зор еңбегін мойындау-кәсіпкер әйелдер үшін тұңғыш рет берілген құрмет сыйлығы.

Іскер әйелдер кеңесі қалыптасуының 6 жылы ішінде Маңғыстау облысының іскер әйелдер кеңесі көптеген көрсеткіштер бойынша елде көшбасшы болды. Кәсіпкер әйелдермен 70-тен астам кездесу , кәсіпкер әйелдердің 3 өңірлік және 6 аудандық форумы, 1200-ден астам әйелді қамти отырып, 47 түрлі оқыту семинарлары өткізілді, 5 өңірлік салалық қауымдастық ашылды, қазір олардың мүшелері 120-дан астам адам болып табылады. Іскер әйелдер кеңесінің көпқырлы жұмысының нәтижесінде 279,4 млн.теңге несие алып, 52 ауыл әйел өз ісін ашты. Мұнда С.Салихованың еңбегі зор. Өңірде тоқыма саласын дамыту идеясы «ALTYN OIMAQ» ұлттық жобасына ұласты, ол бүкіл Қазақстан бойынша осы саладағы талантты дизайнерлерді анықтады! Қазір Маңғыстау АІЖ жұмысы Қазақстанның барлық батыс облыстарын ынтымақтастыққа тарта отырып, жаңа белестерге шығуда.

«Жүлдені ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Л. Рамазанова тапсырды. Кәсіпкер әйелдер үшін Маңғыстау облысының өкіліне тарихта алғаш рет мұндай марапат беру-бұл біздің өңірдің іскер әйелдер кеңесінің бүкіл командасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту ісіндегі зор еңбегін мойындау деп білемін. Қазір біз өзіміз үшін жаңа міндеттер ашып, өзімізге жаңа сын-тегеуріндер қоямыз. Көз қорқақ, бірақ қол батыр. «Атамекен» ҰКП басшылығы, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Керімқұлқызы Рамазановаға менің кішіпейіл еңбегімді жоғары бағалағаны үшін алғысымды білдіремін. Іскер әйелдер кеңесі Маңғыстау мен бүкіл ел игілігі үшін одан әрі еңбек етуге дайын!» – дейді Сәуле Салихова.

Содай-ақ, «Атамекен» ҚР ҰКП «Іскер» арнайы сыйлығын да мсаңғыстаулық кәсіпкер алды. Оның иегері болып «OPTIMUM» жобалау институты» ЖШС танылды. Компания 2000 жылы құрылды. Қызмет саласы үнемі кеңейіп келеді. 2017 жылы геологиялық-гидродинамикалық модельдеу жұмыстарының жаңа түрін енгізді. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластеріне қатысушы заңды тұлғалар тізбесіне енгізілген. 2011 жылдан бастап компанияда TUV Thṻringen e.V.сертификаттау жөніндегі Халықаралық органның ISO 9001:2008 стандартының үшінші бағытына сәйкес жобалау қызметін, іздестіру қызметін және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік қызметтерді қолданудың сапа менеджменті жүйесі жұмыс істейді. ҚР СТ 14001-2016 экологиялық менеджмент, ҚР СТ 45001-2019 еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау бойынша менеджмент, ҚР СТ 9001-2016 сапа менеджменті талаптарына сәйкестікке біріктірілген менеджмент жүйелері бар.

          Қос жүлдегер да Маңғыстаудың экономикалық-әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосып жүрген, толағай табысы бар жандар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер