«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтау қаласында орналасқан сұлулық индустриясы мен жеке меншік денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлермен бизнес мәселелері талқыланды

2020 жылғы 04 Қараша
- Маңғыстау облысы
1618 просмотров

 

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында палата директоры Р.Мұстпаев пен Өңірлік кеңес төрағасы Е.Жаңбыршиннің және де сұлулық салондары, SPA орталықтары, жеке меншік аурухана өкілдері қатысуымен жиын өтті. Жиналыс барысында Е.Жаңбыршин «Атамекен» ҰКП 7-ші сьезінің негізгі мақсаттарын атап өтті. «Президент Съезде соңғы бес жылда ШОБ экономикадағы үлесінің 24%-дан 32%-ке өскенін, 40% жұмыс орындарының кәсіпкерлік салада екенін атап өтті. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш анағұрлым жоғары. Еуроодақтағы бүкіл компаниялардың 99% шағын және орта кәсіпорындар және барлық жұмыс орындарының 85% осы салада. ШОБ Қытайды аграрлық елден, өндірістік мемлекетке айналдырып кәсіпорындарының 97% құрап отыр. Жалпы ішкі өнімнің 60% осы салада және жұмысқа тұрған қалалықтардың 80% шағын және орта кәсіпорындардың үлесінде.

Бүгінгі таңда Маңғыстаудың жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 33% және барлық өңірдегі жұмыс орындарының 37,75% осы секторда. 2019 жылдың қортындысы бойынша өңірімізде ШОБ 1 триллион 209 млрд теңге өнім шығарды. Бұл салыстырмалы түрде аз, яғни аймақ экономикасын дамытуда әлі де көптеген жұмыстар бар.

Сонымен қатар мемлекет басшысы кәсіпкерлікті қолдау бағытында біраз жұмыстардың атқарылып отырғанын айтты, оның ішінде өзінің тапсырмасы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін "бизнеске адалдық презумпциясы" қағидаты заң жүзінде бекітілгенін, кәсіпкерлікті реттейтін нормалардың ревизия жасалатынын, өндірістік саясат туралы заңның қабылданатынын, агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасы мен экспортқа шығатын тауарларды мемлекет тарапынан қолдау механизмдері.

ҚР Премеьер-Министрі А.Мамин 2025 жылы жалпы ішкі өнімде ШОБ үлесін 35% жеткізіп, онда жұмыс жасайтын адамдардың санын 4,0 млнға, экспортқа тауар шығаратын ШОБ 400-ден 1000-ға жеткізуге және жалпы бизнеске қолайлы елдердің ТОП-20 кіруіміз қажет деді» деп атап көрсетті Е.Жаңбыршин.

"Инь-ян" сұлулық салонының иесі дәрігер дерматокосметолог Басанец Яна «Бір сұлулық салонында орта есеппен 10-12 шебер жұмыс істейді. Сұлулық салонына келушілер 40% - ға төмендеді. Біздің бағалауымыз бойынша, Ақтаудағы мұндай салондар карантиннің әр айы үшін 700 мыңнан 1 млн теңгеге дейін табыстан қағылды. Егер қалада 400-ге жуық салон бар деп есептесек, олар айына 280 000 000 теңгеден астам қаражат таппады. Сонымен бірге бизнесті ұстауға шығындар өсті( дезқұралдар мен ЖҚҚ (қолғаптар,маскалар,антисептиктер)бағасы 2-3 есе өсті және біздің салада олар көп мөлшерде қолданылады. Техникалық қызметкерлердің жалақысын көбейтуге тура келді, өйткені бөлмелерді тазарту және кварцтау бұрынғыдай күніне 2 рет емес, әр 2 сағат сайын жүреді.

Еуро мен доллар бағамының өсуіне қарамастан (көбісі өз жұмысында еуропалық тауарларды пайдаланады), олар кем дегенде жоғалған пайданы өтеу үшін бағаларды сол күйінде қалдыруға, тіпті акциялар мен жеңілдіктер ұйымдастыруға мәжбүр болды.

Макияж, лешмейкерлердің қызметтеріне сұраныс төмендеді, өйткені бұқаралық шараларға тыйым салынуда»,- деді ол.

Ал, «Архимед» медициналық орталығының өкілі Нұрлан Тілепов қызметкерлерге аурып қалған жағдайда мемлекет тарапынан немесе міндетті медициналық сақтандыру қорынан ақша бөліну, жас мамандарды жеке меншік емханаларға жұмысқа орналастыру жағын қарастыру керектігін атап айтты.

Отырыс соңында кәсіпкерлер өз мәселелерін жүйелі түрде қарастыру үшін ассоциация құру жөнінде ұсыныстар айтты. Сондай-ақ медицина саласында нормативтік заңнамаларды қазіргі нарықтық жағдайға сәйкестендіру керектігі жөнінде сөз етті. Төтенше жағдай кезінде көптеген кәсіпкерлерге жеңілдік ұсынылды. Атап айтар болсақ, банк тарапынан зардап шеккен кәсіпкерлік салаларына несие пайызын төмендету қарастырылды. Сонымен қатар төлеу мерзімдері кейінге шегерілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер