БЕЙНЕУЛІК КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін Өңірлік кеңес төрағасы Еділ Жаңбыршин мен Кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мустапаев жұмыс сапарымен Бейнеу ауданына барды. Онда ауыл кәсіпкерлерімен кездесті. Алдымен жақында өткен "Атамекеннің" VII съезіндегі маңызды ақпараттармен іскерлерді таныстырды.
Еділ Терекбайұлы: "Бизнеске арналған Үкімет экожүйесі құрылды. Оны дамыту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Осы арқылы бизнесті көлеңкеден шығаруға болады. Бизнесті оңтайландырып, цифрландыруға мүмкіндік туады"- деді.
Рашит Тұранұлы болса, "Жобалау офисі" жобасының маңыздылығына тоқталды. "Оның үш бағыты бойынша жұмыстар жасалып, "Атамекен" мемлекеттік сатып алулар, жеңілдетілген несие бойынша "Қарапайым заттар экономикасы" аясында мониторинг жүргізеді. Алдағы уақытта экономикалық карта жасалады",- деп атап өтті.
Сонан соң шалғай ауылдағы бизнесте шешімін таппаған мәселелерді сұрады.
Кәсіпкер Ардақ Бораш асыл тұқымды емес малдарға да мемлекеттен субсидия бөлінуін сұрады. Күн панельдеріне бөлінген субсидияны қайтару, құдықтар қаздыру жайын қозғады.
Іскер Асқар Әбжаппарұлы болса, теміржол тарифтеріне байланысты мәселе көтерді. Өйткені, шойын жол арқылы тасымал жалпы шығынның 70% құрайды. Сол талап ережелерін өзгерту қажет деп санайды.
Тағы бір мәселе- ұлутас өндірушілерді жер пайдаланушы кеншілермен теңестірілген. Сол тізімнен алып тастау туралы ұсыныс айтылды. Себеп- салық төлемі кеншілермен тең шығады. Бұл өз кезегінде ұлутастың құнын ақтамайды.
Барлық ұсыныс-пікірлер жинақталып, МО кәсіпкерлер палатасында қорытындыланатын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: