КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ-БАСТЫ НАЗАРДА
Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер құқығын қорғау жайы бойынша жиналыс әлеуметтік желіде тікелей эфирде өтті. Оған Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағанбетов, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің МО бойынша басқарма басшысы Талғат Уәлиев, МО бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Өркенбаева, Экология басқармасының басшысы Руслан Төкенов т.б.қатысты.
"2020 жылға арналған ҚР бас прокуратурасы мен "Атамекен" ҰКП арасында екіжақты ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ортақ мақсат-бизнесті қорғау. Оның аясында "Жол картасы" қабылданып, онда көзделген барлық міндеттерді өз құзіреті шеңберінде орындап келеді. Шенеуніктер тарапынан бизнеске қысымшылық көрсетілген болса, прокуратураға шағымдануға болады. Елімізде кәсіпкерлерді тексеруге арналған 60-тан астам құзырлы орган бар. Олар заңсыз тексеріс жүргізсе хабарласуға болады. Жыл басынан бері 10 кәсіпкерден қоңырау түсті. Оның 4-еуі қанағаттандырылды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау үшін 10 адамнан тұратын мобильдік топ жұмыс істеуді",- деді Ержан Тұрмағанбетов.
Рашит Мұстапаев: " Облыс прокуратурасы мен кәсіпкерлер палатасы арасында бұрын да қоян-қолтық жұмыстар жүргізілді. Облыс прокурорымен кездесуде келісімгет келдік, енді аптасына бір рет кәсіпкерлер палатасында арнайы кабинетте прокурор іскерлерді қабылдайды. Бизнесте проблемалар болса, прокурорға тікелей шағымданып, мәселесін шешуге мүмкіндік бар",- деді.
Маңғыстау облысы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл кеңесінің төрағасы Шымбай Сұлтановтың айтуынша, осы жылдың басынан бері Кеңестің 5 отырысы өтті. Оның ішінде 3 отырыс онлайн режимінде өтіп, онда 7 түйіткілді мәселе талқылады. Онда қаралған мәселелер қиындық туындаған іскердің ғана емес, сол салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің барлығына оң әсер ететіні күмәнсіз. Мысалы, Кеңес отырысында сұйытылған газ проблемалары қаралып,тиісті шешім қабылданды. "Мұнайлы және Түпқараған аудандарында аудан прокурорларымен бірлесіп кәсіпкерлерге жеке қабылдау өткізілді. Бұл Кеңес тарапынан ұйымдастырылған кездесулер, кәсіпкерлер, мемлекет және бизнес арасындағы үшжақты диалогтың құрылуына үлес қосты десе артықшылық болмас және болашақта өз жалғасын табады. Кеңестің жұмыс істеген уақыты барысында аймақ кәсіпкерлерінің анағұрлым көкейкесті, күрделі және өзекті мәселелерінің түйіні оң шешімін табылуына ықпал тигізуде жұмыстар атқарылғанның нәтижесінде, кәсіпкерлер тарапынан алғыс білдірілуде",- дейді ол.
Кездесу соңында тікелей эфирде келіп түскен кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: