АҚТАУДА ЖАҢА ШАҒЫНАУДАНДАРҒА ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бұл туралы Ақтау қалалық құрлыс бөлімі басшысының орынбасары Маңғыстау Қойшығұлов мәлімдеді. Оның айтуынша бүгінде 18, 19, 35 шағынаудандары үшін ішкі газ желілерінің құрылысына мердігер мекемелер анықталған. Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін қаражат күтілуде.
Сонымен қатар, Каспий энергетикалық ХАБ-ы «Жаңаөзен – Ақтау» магистралды газ құбырын салу желілері нысанының құрылысы жүргізілуде, нысанға 2021 жылы желі өтеді.
«Қазіргі уақытта 18 ш/а су, кәріз, жылу желілері және абаттандыру, Шығыс-2 ш/а және Шығыс-3 шағынаудандарында да инженерлік желілері нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар осы жылдың соңына дейін аяқталады. Ал, 16 ш/а, 18 ш/а, 19 ш/а, 19а, Шығыс-3 ш/а электр желілері нысанының құрылысы жүргізілуде. Каспий энергетикалық ХАБ-ы 110/10 кВ 2 қосалқы станциясын салу электр желілері нысанының құрылысы жүргізіліп, 2021 жылға қарай өтеді. Сонымен қатар, Каспий энергетикалық ХАБ-ы 110/10 кВ 2 қосалқы станциясын «ГПП-4Г станциясына» қосу жобасы жасақталып, оң қорытындысы алынды. Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау үшін қаражат күтілуде. Ал, Каспий энергетикалық ХАБы 110/10 кВ 2 қосалқы станциясынан 18, 18а, 19, 19а, 20 ш/а электр желісімен қамту жобасы жасақталуда, 2021 жылдың 1 тоқсанында сараптаманың оң қорытындысы алынады»,- деді қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары М.Қойшығұлов.
Одан бөлек, КТҚ-1-ден ҚТҚ-2-ге дейінгі (кәріздік тазалау қондырғылары) арынды канализациялық коллекторын салу нысанының құрылысы жүргізілуде. Нысанға желі 2021 жылға өтпек. Сонымен қатар, ол қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттамасы дайын және жасақталып жатқан жобаларды да атап өтті. Мәселен, 35 шағынаудан ішілік электр желісі де іске қосылады. «Жаңаөзен-Ақтау» магистралдық газ құбырының 4-ші тармағы үшін ЖМҚ әзір, құрылыс жұмыстары үшін қаражат сұратылуда.16, 19, 20 және 35 ш/а желілерінің (су, кәріз, жылу, автожол) және 20а және 36-42 ш/а желілерінің (су, кәріз, жылу, газ, электр, автожол) жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда. Аталған жоба қорытындысын 2021 жылдың 1-тоқсанында көруге болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: